Айбек Паяев депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты

Мәжіліс депутаттары ҚР Орталық сайлау комиссиясының депутат Айбек Паяевтың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысын қолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісовтың айтуынша, өкілетін тоқтату туралы өтінішті Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтың өзі берген.

«Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясының 52-бабына, Конституциялық заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес және өтініш негізінде Мәжіліс депутаты Айбек Минаимбекұлы Паяевтің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізеді», — деді Өтемісов мәжіліс отырысы кезінде.

Депутаттар ұсынысты қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...