12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізудің стратегиясы дайындалды. Жалпы NEET тобындағы 15-28 жас аралығындағы жастардың 6,2% құрап отыр. Бұл стратегия өскелең ұрпақтың баспанаға қол жеткізу мен жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

Жалпы Жетісу облысында 14 пен 29 жас аралығында 124 мыңға жуық жас бар, соның 31%-і қалада, 69%-і ауылдық жерлерде тұрады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жастардың жоғары білім алуға қолжетімділігін арттыру және оларды өңірде сұранысқа ие ауыл шаруашылығы, техникалық, туристік, медициналық және педагогикалық мамандықтарға оқыту мақсатында биыл облыс әкімінің 90 гранты бөлінді.

Облыстық білім басқармасының айтуынша, осы 90 гранттың 65-і аз қамтылған отбасыларының балаларына беріледі. Қоғамдық даму басқармасының мәліметіне қарағанда, облыста әлеуметтік әлжуаз топтағы жастардың жобаларын іске асыруға бағытталған «Zhas project» шағын гранттар конкурсы өтеді. Конкурс шеңберінде әрбір қатысушыға қайтарымсыз 1 млн. теңгеге дейін беріледі. Онда жалпы 63 жоба қаралып, 63 млн. теңге бөлінген. 2022 жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен
қамтудың белсенді шараларына 4585 жас тартылыпты. 2961 адам жұмысқа орналастырылды, соның 1253-і тұрақты жұмысқа тұрды. Жастарды нақты қолдау шараларының бірі — «Дипломмен ауылға» жобасы. 2022 жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша, 266 маманға 81,5 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, ал 143 маманға 650,9 млн. теңгеге бюджеттік несие берілді.

«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр. Бағдарлама бойынша 635 жасақшыны жұмысқа орналастыру жоспарланып, оған 70 млн. теңге қарастырылған.
Сонымен қатар, облыста болашақ жас ұрпақ үшін жарқын бастама болатын «Ұлт тәрбиесі» атты жаңа жоба жүзеге асырылып, жобаның «Өмірлік бағдар» бағыты бойынша білім, жұмыспен қамту, ішкі саясат салаларының білікті мамандарынан құрылған ақпараттық-насихат тобының мүшелері облыстың аудан, қалаларындағы мектептердің 9-11 сынып оқушылары мен NEET санатындағы жастарға кәсіптік бағдар беру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған жоба шеңберінде мамандық таңдау, түлектерге арналған гранттар, қысқа мерзімді оқыту курстары және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жайлы кеңінен түсіндірілді. Бұл істе облыс бойынша 630 мектеп, 63 534 оқушы, ата-аналары мен 10 мыңнан астам мұғалім
қамтылды.

Жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатта «Жетісу жастары: 0-5-25» бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бағдарламаны іске асыруға барлығы бірінші кезекте 40 қатысушыға 400 млн. теңге бөлінді. Бағдарламаның негізгі шарттары бойынша бастапқы жарна 0%, қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5%, ал несие мерзімі 25 жылға дейін. Бағдарлама 2023 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Аудан, қалаларда құрылған «Бақыт» клубтары жастар арасында отбасы институтын нығайтуға белсене атсалысып келеді. Ондағы психологтар жыл басынан бері 700-ге жуық адаммен әңгімелесіп, кәсіби кеңестер берді. Соның нәтижесінде 95 жас отбасы ажырасудан бас тартқан. Жастардың волонтерлік қозғалыстары барған сайын қанат жайып келеді. Облыста 4800-ден астам ерікті тіркелген, 49 волонтерлік ұйым бар. Жыл
басынан бері олар 2200-ден астам түрлі акция өткізген.

Жастар – қоғамның креативті, белсенді мүшесі. Сондықтан алға нық қадам басып, жаңа құрылған Жетісуымызды, жалпы елімізді дамытуға бәріміз атсалысуымыз керек. 2019 жылды Президентіміз Жастар жылы деп жариялаған болатын, мұнан соң 2020 жыл – волонтерлар жылы деп белгіленді. Бұл біз үшін үлкен қолдау болды. Биыл Халықаралық жастар күнінен ерекше мән беріліп жатыр. Бұл жас ұрпақтың алдынан көптеген мүмкіндіктердің ашылуына ықпал етеді деп ойлаймын. Біз өз тарапымыздан артылған сенімді ақтауға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, — деді облыстық волонтерлардың «BIRGEMIZ» фронт- кеңсесінің жетекшісі Жанерке Бексейітова.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да ұмыт қалмайды. Жалпы жыл басынан бері осы мақсатта 12 мыңдай іс-шара өткізілген. Сол сияқты тамыз айының соңында – қыркүйектің басында Текелі қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады деп жоспарланып отыр. Жетісу аймағында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, соның ішінде 10-ы – аудандық, қалалық филиал.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...