12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img

Алматы облысында әлеуметтік жағдайы төмен 95 отбасы меценаттардың, волонтерлердің көмегімен баспаналы болды

Алматы облысында қайырымдылық саласын дамыту қажет. Бұл мақсатта өңірде жұмыс моделін құратын алаң болуы тиіс. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры төрағасының орынбасары Чинкисбаева Лаззат Алтынбекқызымен өткен кездесуде айтылды.

Жалпы елімізде Президенттің бастамасымен «Қазақстан халқына» қоры құрылған болатын. Қор атаулы көмек мен даму бағдарламаларына қаржы бөлу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл мақсатта 2021 жылы Алматы облысында  «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында 5 200-ден астам қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 40 000-нан астам көп балалы, аз қамтылған отбасыларға және жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 95 отбасы меценаттардың, волонтерлердің көмегімен баспаналы болды.

Ал биыл 3000-нан астам қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 10 820 аз қамтылған, көпбалалы отбасыға  жалғызбасты қарттарға әр түрлі көмек көрсетілді. Сонымен қатар 16,5 мыңнан астам аз қамтылған азамат 2,5 млрд теңге сомасына түрлі әлеуметтік көмек алды.

Білім саласына да көңіл бөлінуде. Мәселен, 43 339  оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жаңа оқу жылына дайындық кезінде әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 6 жастан 18 жасқа дейінгі 27 765 оқушыға мектеп формасы және кеңсе керек-жарақтары түрінде, жалпы оқыту қорынан 694,1 млн.теңге сомада материалдық көмек көрсету жоспарланып отыр. Ал жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру мақсатында білім алушылары мен тәрбиеленушілері жалпы оқыту қорынан 327 млн 73 мың теңге қаражат бөлінді.

Алматы облысы тұрғындарының денсаулығы да басты назарда. Биыл облыстық маслихаттың шешімімен жергілікті бюджеттен 399,5 млн теңге қаражат бөлінген. Орфандық аурулармен ауыратын науқастар 71 түрлі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар сатып алынған. 

«Әр аймақтың өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан әр өңірде түрлі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру қажет. Өңірлерді аралаудағы мақсат – халықпен кездесіп, әлеуметтік мәселелерді шешу қандай көмек қажеттігін өздерінен білу. Қазір тұрғындардан өтініштер түсіп жатыр, оларды топтастыру арқылы 12 республикалық бағдарламаны жүзеге асыруға кірістік», – деді Ләззат Алтынбекқызы.

Жиында қор жұмысын одан әрі дамыту жолдары, сындарлы ұсыныстар айтылды. Кездесу соңында «Қазақстан халқына» қорымен жұмысты жалғастыру мақсатында  ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...