12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АХУАЛЫ ҚАЛАЙ АЙЫМНЫҢ?

ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ ҚАНДАЙ? ҚҰҚЫҚТАРЫ ТЕҢДЕЙ ҚОРҒАЛҒАН БА? ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІКТІҢ КЕЛІНШЕКТЕРГЕ БЕРЕРІ НЕ?
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті баспасөз қызметінің маманы Әсем Алдаңғарқызының мәліметіне қарағанда, ерлер мен әйелдердің құқықтары мен міндеттері туралы айтқанда азаматтардың білім, кіріс деңгейі мен діни ұстанымы бірінші назарға алынады. Мұсылмандар гендерлік рөлдер туралы неғұрлым дәстүрлі ұғымдарды ұстанады. Содан болар, қазақы қоғамда да ең мықты саяси көшбасшылар ер адамдар деп саналады. Жастардың арасында жұмыс істеу ер адамдар үшін маңыздырақ және отбасы үшін ақшаны
ер адамдар табуға тиіс деп санайтындардың саны көбірек. Ал, үй мен балаларға қамқорлық жасау әйелдер
үшін маңызды, тіпті олардың міндеті деп есептеледі.
Денсаулық
Елімізде әйелдерге қарағанда ерлер өз денсаулық жағдайын жақсы деп бағалайды. Денсаулығы жақсы және өте жақсы респонденттерді жынысы мен жас топтары бойынша бөлетін болсақ, әйелдерде бұл көрсеткіш 1829 бен 70 және одан жоғары жас топтарында 94,3%-дан 23,5%-ға дейінгі аралықта орын алып, 70-тен жоғары жас тобында респонденттердің 20%нан астамы өз денсаулығын нашар деп бағалаған. Әрине, өмір сүру жасының ұзақтығына қарамастан әйелдердің ер адамдарға қарағанда өз денсаулығының жағдайын нашарырақ деп бағалауы тек Қазақстанға ғана тән деп айтуға болмайды. Зерттеу­шілер бұл айырмашылықтарды ер адамдардың дәрігерге баруды ауруынан қайтыс болу ықтималдығы өте жоғары қауіпті сатыға өткенге дейін емделуді қаламайтындығымен түсіндіреді. Мәселен, өмір сүру ұзақтығының ме дициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының ұқсас көрсеткіштеріне қарамастан ресейліктер мен қазақстандықтардың арасында денсаулық жағдайын субъективті бағалаудағы айырмашылықтар үлкен. Қазақстандықтар өз денсаулығының жағдайын ресейліктерге қарағанда әлдеқайда жақсы деп бағалайды және бұл көрсеткіш бойынша Швейцария, Скандинавия сияқты ең дамыған елдерге жақын. Оған қоса, «Ұрпақтар және гендер» зерттеуінің респонденттері арасында созылмалы аурулардың таралуы кіріс деңгейі салыстырмалы түрде бірдей елдерге қарағанда әлдеқайда төмен болып шықты.
Отбасы
Басқа үй шаруашылығында тұратын серіктердің сирек жағдайларын қоспағанда (3%), ерлердің 65%-ы мен
әйелдердің 57%-ында тұрақты серік бар. Алайда, респонденттің жасына қарай ерлер мен әйелдер арасында
айқын айырмашылықтар байқалады. Ерлердің арасында ең жастары (18-29 жас) мен ең үлкендерінен (70 жас және одан жоғары) басқа барлық жастағы серігі бар адамдардың үлесі 70%-дан асады. Жасы 18 бен 29-дың
арасындағы жігіттердің тек үштен бірінің ғана серігі бар. 18-29 жастағы қыздардың жартысында серігі бар. Серігі бар әйелдердің үлесі 39 жасқа қарай ең жоғары (шамамен 75%), ал, содан кейін бұл үлес бірқалыпты
және айтарлықтай тез азаяды. Осылайша 70 жастағы және одан үлкен әйелдердің тек бестен бірінің ғана серігі бар. Мұның себебі әйелдердің жесірлігінде: 60-69 жаста әрбір үшінші әйел жесір болса, 70 және одан жоғары жаста – әрбір екінші әйел жесір. Бір үйде серігімен бірге тұратын қазақстандықтардың арасындағы бейресми одақ – сирек құбылыс (тіркелмеген некеде ерлердің 7%-ынан және әйелдердің 8%-ынан кемі тұрады). Тіркелмеген неке ең жас (18-29 жастағы) ерлерде (8,5%) және кемел жастағы (40-49 жас) әйелдерде (10,1%) жиірек кездеседі. Жалпы алғанда, ерлердің 93%-ы мен әйелдердің 92%-ы үшін бір үй шаруашылығында серігімен бірге тұру деген дәстүрлі тіркелген некені білдіреді.
Некелік қатынастар
Қазақстандықтар үшін бірлескен серіктестіктің 90%-дан астамы дәстүрлі тіркелген некеде. Некелік-серіктік қатынастардың басқа нысандары – бірге тұру, LAT қатынастар – өте сирек кездеседі. Халық арасында қайталама некелер де онша таралмаған. Олардың балаларының болуы ерлі-зайып­тылардың/ серіктердің ажырасуын тежейтін фактор емес. Халықтың 85%-дан астамы некеде бақытсыз, соған сәйкес балалары болса да ажырасуға ынталы. Ерлі-зайыптылардың ажырасу себебі олардың отбасындағы бірқатар мәселелер бойынша келіспеушіліктерден деп көрсетілген. Қазақстандық отбасыларда кездесетін келіспеушіліктер негізінен ақшадан басталады. Әрбір бесінші отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы келіс­пеушіліктер қаржылық мәселелер бойынша туындайды. Қазақстандағы отбасылық жанжалдардың екінші кең таралған
себебі балаларды тәрбиелеу мәселесі болып табылады(18,6%). Одан әрі жанжалдар бос уақытты өткізуге (15,5%) және достармен қарым-қатынастарына (14,7%) қатысты туады. Үй шаруаларынан туындайтын даулар отбасылардың 14%-ында кездеседі. Әрбір оныншы қазақстандық отбасында жанжалдардың себебін екі жақтың ата-аналарымен қарым-қатынаста депті. Бала туу мәселесі – серіктер арасындағы ең өзекті мәселе емес (8,5%).

Балалар саны
Туу деңгейі әйелдің некелік жағдайына, оның білімі мен жұмыспен қамтылуының деңгейіне және тұрғылықты жеріне байланысты өзгереді. Заңды некедегі әйелдердің баланы өмірге әкелудегі үлесі 2,28 пайызды құраса, тұрмысқа шықпаған әйелдердің тек 1,03 пайызы ал, тіркелмеген некеде тұрғандардың – 1,37-і балалы болған. Репродуктивті мінез-құлықтың білім тұрғысынан саралануы жоғарғы білімді барлық әйелдер арасында байқалады. Төмен және орташа білімді әйелдер туған балалардың саны бойынша аса ерекшеленбейтін болса – сәйкесінше, бір әйелге шаққанда 1,89-ға жоғары болса, жоғары білімді әйелдерден туған балалардың орташа саны бұған қарағанда едәуір төмен (1,46). Сондай-ақ, жұмыс істейтін (сауалнама мезетінде) әйелдерде де бала туу көрсеткіші төмен (1,5). Білім деңгейі, жұмыспен қамту жағдайы, діндарлығы бойынша ауыл мен қалада тұратын әйелдер арасындағы айырмашылықтарды ішінара көрсететін қала мен ауылдық жердің айырмашылықтары айтарлықтай көп: қалада бір әйелге шаққанда бала саны 1,43 пайыздық көрсеткішті құраса, ауыл тұрғындарында 2,18 пайыздық деңгейді құрайды. Алайда, әлеуметтік демографиялық және экономикалық сипаттамаларды бақылағанның өзінде қала әйелдері мен ауыл әйелдері арасындағы айырмашылықтар біраз азайғанымен, әлі де сақталады, сондықтан тұрғылықты жердің өзі де тууға әсер етеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, діндарлық пен діни ұстанымның
да бала тууға әсерін атап өткен жөн. Мәселен мұсылман әйелдер арасында туу деңгейі жоғары. Сондай-ақ, Қазақстанды аумақтық ерекшеліктермен өлшесек, оңтүстікте бала туу көрсеткіші жоғары деңгейді көрсетеді.
Е.КЕБЕКБАЙ,
«Заң газеті»

[ratings]

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...

Памяти творческого пути

В Кызылорде рамах года «Руханият» состоялся онурс жыршы «Терме...

Расплата за доверчивость

Сотрудники правоохранительных органов предупреждают: ели раньше на удочку кибермошенников...

Соответствовать требованиям времени

Советхан Сакенов, судья Алматинского городского суда в почетной отставке,...

Живой товар: трагедия современного мира 

Со всем мире современное общество сталкивается с вызовами, связанными...