12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АХҚО: Дауларды онлайн шешу мен цифрлық сот жасаудың болашағы

2020 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен үшінші рет дәстүрлі Astana Finance Days мамандандырылған қаржы конференциясы өтеді.

«Құбылмалы әлемдегі нарықтар» аталған биылғы конференцияға әлемнің 40-тан астам елінен 10 мыңнан астам қатысушы келеді деп жоспарланған. Сонымен қатар онлайн өтетін шараға қаржы, экономика, заң және өзге де салалардағы отандық және шетелдік сарапшылар, саясаткерлер, бизнестің, мемлекеттік қызмет және ғылыми ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген компаниялардың өкілдерінен құралған 100-ден астам спикер де қатысады.

Халықаралық қаржы конференциясы аясында өтетін «АХҚО құқығы: Теориядан практивкаға» атты АХҚО заң конференциясында «Коммерциялық құқық және қаржылық реттеу», «Дауларды онлайн шешу: бүгіні мен болашағы», «Заң технологиялары» мәселелері бойынша беделді сарапшылар мен мамандар өз ойларын ортаға салады. Олардың арасында АХҚО Құқықтық консультативті кеңестің мүшесі, Hogan Lovells International серіктесі Майкл Томас, Dentons компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқарушы серіктесі Айгүл Кенжебаева, АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі Астана Қаржылық Реттеу Агенттігі директорлар кеңесінің мүшесі Марк Хольцман бар. Сарапшылар АХҚО құрылғаннан бергі жеткен жетістіктер мен құқықтық жүйені ары қарай дамыту және ағылшын заңнамасындағы соңғы трендтер жайлы ойларын ортаға салады.

Өз кезегінде Cornerstone Barristers адвокаты, барристер, корольдік адвокат Джерард Форлин, Гонконг қалалық университеті Заң факультетінің профессоры Жюльен Шейс және Қытайдың халықаралық теңіз тасымалы палатасының өкілі Эдвард Лю теңіз және транспорттық құқық туралы пікір алмасып, Қазақстанның транзиттік әлеуеті мен кей көлік түрлері бойынша тасымалдың құқықтық тәуекелдері мен COVID-19 пандемиясының теңіз тасымалына еткен әсері мен халықаралық транспорттық дауларды шешуде ағылшын заңнамасының артықшылықтарын талқылайды.

Бұдан бөлек Lexis Nexis компаниясының Таяу Шығыстағы баспа бөлімінің жетекшісі Хуссейн Хади, BARBRI International бақарушы директоры Сара Хатчинсон, АХҚО Әкімшілігінің заң технологияларын дамыту бойынша аға кеңесшісі Марк Бир де конференция барысында білім беру саласындағы өзгерістер мен заң технологияларының дамуы туралы ойларымен бөліседі.

Айта кетейік, биыл COVID-19 пандемиясының асқыруына байланысты дәстүрлі конференция онлайн режимде өткізіліп отыр. Бес күндік шараның кез келген сессиясын конференцияның ресми сайты astanafindays.org сайтына тіркеліп, нақты уақытта көре аласыздар

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...