12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Африкада Эбола ауруының жаңа жағдайы тіркелді

Конго Демократиялық Республикасының Солтүстік Киву провинциясында Эбола ауруының жаңа жағдайы тіркелді, — деп хабарлайды Reuters.

Инфекция 1 ақпанда Солтүстік Киву провинциясындағы Бутембо округінің Бьена ауданында анықталды. Эбола белгілері бар фермердің әйелі ауруханаға барған. Талдама вирусты растады. Алайда әйел 3 ақпанда қайтыс болды.

Ақпарат бойынша, ауданға мамандар бригадасы жіберілген, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) тиісті қызметтері де хабардар етілді. Бьен аймағында инфекцияның басқа жағдайлары туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін ауру ошағы Орталық Африкада болған. Ал бұл жағдай екі ай тыныштықтан кейін тіркеліп отыр.

Эбола вирусының алғашқы жағдайы Конго Республикасында 1976 жылы тіркелген. Індет өршіген кез — 2014-2016 жылдары, Батыс Африкада.

Эбола геморрагиялық қызбасы — Эбола вирусынан туындаған жіті вирусты жоғары контагиозды ауру. Эпидемия Орталық және Батыс Африкада өршіген, өлім жағдайы 25-тен 90 пайызға дейін.

170 дворов и общественных пространств благоустроят в Астане

Аким Астаны Женис Касымбек на своей странице в Instagram рассказал о...

Фактор стабилизации цен

Во исполнение поручений Главы государства вицепремьер – министр национальной...

«Кто ты после этого?!» 

МИНУВШАЯ НЕДЕЛЯ ОПЯТЬ ВЫДАЛАСЬ НЕСПОКОЙНОЙ И ТРЕВОЖНОЙ. ОБЩЕСТВО ПОТРЯСЛА...

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 қыркүйектен бастап қылмыстық заңнамада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын...