6 күні қазан Алматылық студент Қалиханов Қазбектің туған күні. Ол өзінің туған күнін тойлаудан бас тартып, өз азаматтық борышын орындап, референдумда дауыс беруді жөн көрді.
«Бүгін мен үшін ерекше күн – туған күнім. Бұл күнді маңызды бір іспен атап өтуді жөн көріп, референдумға қатыстым. Дауыс беру – еліміздің болашағына өз үлесімді қосу мүмкіндігі. Әсіресе, қазір АЭС құрылысы сияқты өте маңызды мәселе талқыланып жатқанда. Бұл шешім энергетикалық тәуелсіздігіміз бен тұрақты дамуымыз үшін аса қажет. Мен атом энергетикасын қолдау еліміздің экономикасын нығайтып, болашақ ұрпаққа сенімді болашақ сыйлайды деп сенемін. Сондықтан дәл осы күнде дауыс беруге қатысуды өзімнің азаматтық парызым деп санадым», — деді туған күн иесі.