12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Адвокаттың заңды қызметіне кедергі жасау

ҚР Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Қазақстанда кез келген заңды немесе жеке тұлға заң көмегін немесе заң қызметтерін көрсете алады. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңымен заң көмегін көрсету адвокаттар мен заң консультанттарына жүктеледі.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес,  егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, заң көмегін көрсетудің шектері мен шаралары заң көмегін көрсететін тұлғаның қалауы бойынша айқындалады және шектеледі.

Қорғаудың бір тәсілі адвокаттың «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының 33-бабы 3-тармағының 2) тармақшасының тәртібімен барлық мемлекеттiк органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға құқылы.

Сондай-ақ, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының 35-бабы 8-тармағының тәртібімен мемлекеттiк органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар адвокаттың заң көмегiн көрсетуiне байланысты сұрау салуына он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi.

«Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 06 қазандағы № 7 Нормативтік қаулысының 28-тармағына сәйкес адвокаттың сұратқан оның кәсіби міндеттерін орындауға қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді толық көлемде ұсынбау мұндай құжаттарды адвокатқа заңнамада белгіленген мерзімде ұсынбау деп қараған жөн, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазалау белгілері болмаса, бұл ӘҚтК-нің 668-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.

          Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 804-бабы 1-тармағының 33) тармақшасымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 668-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау құқығына әділет органдары берілді.

       Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 668-бабы мыналарды белгілейді,  адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенiң заңды қызметiн жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, олардың кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талап етілетін материалдарды немесе мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген кедергi келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –  лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Дмитрий Гаврилов, Әділет департаментінің бас маманы

Осужденные сшили костюмы для пожилых людей которые живут в доме престарелых

Осужденные сшили костюмы для концертной программы для пожилых людей,...

Алматы қаласында 181 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары берілді

          Жұмыс процесін оңтайландыру, еңбек тиімділігін арттыру және тапсырмаларды...

О некоторых вопросах ротации  государственных служащих

С какой целью  проводится ротация? Ротация проводится для повышения эффективности...

«Бітімгершілік — биік адамгершілік іс»

Бүгінгі таңда дауларды шешудегі маңызды рәсімдердің бірі татуластыру рәсімдері...