Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тергеу изоляторына келді

Қаңтар оқиғасына қатысты желіде желдей есіп жүрген желең сөздердің шындыққа қаншалықты жақын екендігін тексеру мақсатында құралған топ бүгінде Қазақстанның барлық аймақтарындағы тергеу изоляторларына барып, қамаудағы азаматтардың жай-күйін көріп,бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Міне, осындай мақсатпен Қызылорда облысындағы ЗК-169/1 мекемесіне Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльмира Әзімова «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағанбетова, Қызылорда облыстық ҰААТ төрағасы С. Теңізбаев, Қызылорда облысы прокурорларының орынбасары Д.Катаев және басқа да, құқық қорғаушылар мен департамент бастығы, әділет подполковнигі Ш. Есенкелдиев бастаған топ келді.

Олар мекеме қамауындағы күдікті , айыпталушы және тергеудегілермен кездесті.

Бұл азаматтардан мекемедегі ұсталу жағдайы, тергеу барысындағы құқық қорғаушылардың қарым- қатынасы, және өздеріне көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайында сұрап білді.

Сондай- ақ, тексеріс барысында , олардың

-тергеу ісі бойынша құқық қорғаушылармен,

  • сәлем- сауқат бойынша , туыстарымен байланыс орнатуы үшін мекеме басшылығы тарапынан тиісті деңгейдегі жағдай жасалынып отырғандығын көрді. Ең бастысы, айыпталушылардың денсаулығына қатысты түйінді мәселелер жоқтығын да байқады.

Өйткені, мұнда келіп түскендерге, қоғамнан оқшауланғаннан бастап, бас бостандығынан айрылып, жазасын өтеу кезінде де, денсаулық сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Сондықтанда, мекемеге келіп түскен, күдіктілер мен айыпталушы және тергеудегілерге тиісті дәрежедегі медициналық көмек көрсетілген.

Тексеру қорытындысы негізінде, келген уәкіл, бүгінгі таңда бұл азаматтардың денсаулығына қауіп төндіріп тұрған еш кедергілер жоқ екендігіне, барлық тергеу жұмысы заң аясында жүргізіліп жатқандығына көз жеткізіп қайтты.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...