12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – АБЫРОЙЛЫ ІС

Тәуелсіздіктен бері қарай сот саласы үлкен өзгерістер мен жаңашылдықтарды басынан кешірді. Мемлекет елдегі сот билігінің алдына негізгі міндет етіп қоғам мен мемлекет өміріндегі орын алатын жанжалдар мен дауларды шешу, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, заңдардың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту, әділетті үкім кесу қағидаттарын қойды. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруына мүмкіндік берді. Жергілікті және басқа да соттарға бұл жаңа леп өз әсерін тигізді.

Жергiлiктi соттарға облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары); аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот) Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар жатады десек, осы соттардың қайсысы болмасын, ҚР заңдылықтарын нығайтуға ерен еңбек сіңіріп жүр. Жақында Ақмола облысы, Астрахан аудандық сотының төрағасы Нұржан МЕЛДЕБАЕВҚА хабарласқан едік. Сот төрағасы Нұржан Асанұлы соттағы бүгінгі жаңашылдықтар мен басқа да өзекті мәселелер жайлы бізге тарқатып айтып берді:

Ашықтық пен қолжетімділік артты

Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесі уақыт сұранысымен көптеген өзгерістерге ұшырап, бұл салаға айтарлықтай көптеген жаңашылдықтар енгізілді. Ол жаңалықтардың барлығы қазіргі таңда халық игілігіне қызмет етіп жатыр. Әсіресе, сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу, өндірісте озық функцияларды пайдалану, сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, төрелік барысындағы бюрократиялық кедергілердің бәрін қысқартты, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып, процесс барысында туындайтын күмәнді жойды. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеп, сот жүйесінің барынша ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік берді. Атап айтсақ, сот жүйесі электрондық жазбаны мейлінше кеңінен қолданып келе жатқан мемлекеттік мекемелердің ішіндегі ең үздіктерінің қатарында. Өйткені бүгінгі күні қарапайым бұқара халық бұрынғыдай сот мекемелерінің табалдырығын тоздырмай, кез келген өзіне қалаулы уақытта интернет жүйесі арқылы өз істерінің қай сатыға келгенін, оларды қарау тәртібімен және сотқа келмей-ақ өз арыз-шағымдарын тіркеуге мүмкіндіктері бар. Нәтижесінде еліміздің сот саласы жетілдіріліп, адам құқығын қорғау деңгейі арта түсті. Мұндай жаңашылдықтар арқасында азаматтардың құқықтары мен олардың қауіпсіздігін қорғау деңгейі де арта түсері анық.

Сапалы білім – сауатты маман

Біліктілікті арттыру, білімді жетілдіру қай кезде де маңызды. Судьялар дың біліктілігін арттыру үшін жоғары тұрған соттардың судьялары семинарлар өткізіп, сонымен қатар судьяларға шеберлігін шыңдау үшін оқу курстары өткізіледі. Жас мамандарды судьялыққа ынталандырудың екі жолы бар: сот академиясы арқылы немесе Жоғарғы Сот Кеңесі арқылы судья болу мүмкіндігі. Бүгінгі таңда академияға түсу бағыты жеңілдетіліп, оқуы бір жылы ғана болды, бұл адамдардың уақытын сақтап әрі сапалы білім алу мақсатын қарастырады. Сотта қазіргі таңда көп жағдайда некені бұзу туралы, алимент өндіру, қарызды өндіріп алу немесе мемлекеттен шетелдік азаматтарды шығару туралы әкімшілік құқықбұзушылық істер қаралады. Себебі шетелдік азаматтар уақытша тұруға немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алмай келеді. Сандық технология сот жұмысын жеңілдетті, сот үкімдерін, және сот құжаттарын толығымен қағаз бетіне түсіру қазіргі кезде қажет етілмейді. Сандық технологияның сот өндірісіне толық енуі соттың ашықтығын, қолжетімділігін арттырып, сот отырысы хатшыларының жұмыстарын жеңілдетіп, жүктемесін азайтты. Электрондық форматтағы құжаттарды тез арада алуға мүмкіндік береді және тараптардың сотқа деген шағымдары азайды. Қазіргі таңда сот толық электронды форматта жабдықталған, соның арқасында қағаз құжат айналымы айтарлықтай азайды, барлық мемлекеттік қызметшілердің жұмыстары жеңілдетілді.

Тіл – аманат

Астраханда мемлекеттік тілдің үлесі қазіргі таңда айтарлықтай өсіп келе жатыр, сотқа қазақ тілінде түсетін арыздар 60 %-ды құрайды, көбінесе әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қазақ тілінде қарастырылады. Егер тараптар қазақ тілін жетік меңгермесе, мемлекет тарапынан кәсіби аудармашы беріледі. Сотта қазіргі уақытта қазақ тілін дамыту бағытында көп шаралар ұйымдастырылуда, мысалы, мемлекеттік органдармен семинарлар өткізіледі. Іс қағаздары тек қана қазақ тілінде жүргізіледі, алайда егер өтінішхаттар немесе арыздар орыс тілінде түскен кезде, міндетті түрде қазақ тілінде және орыс тілінде жауап беріледі. Биыл облыстық сот қазақ тілін үйрену үшін арнайы курстар енгізді. Қазақ тілін дамыту – бүкіл халықтың міндеті мен аманаты. Сондықтан оған бәріміз бір кісідей атсалысуға тиіспіз. Сот қызметкерлері мен судьялар қауымын жақында өткен төл мерекелерімен құттықтаймын. Әрқашан еңбектері жемісті, отбасылары аман болсын! Ортақ Отанымыздың қызметінде абырой биігінен көріне берейік!

Ж. ҚҰДАЙБЕРГЕН

БІЛІКТІ СУДЬЯЛАРДАН ҮЙРЕНЕРІМІЗ КӨП

Сот қызметіндегі тәуелсіздік пен ашықтық аса маңызды. Ал сот...

ӘДІЛЕТ ОРГАНЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ АУҚЫМДЫ

Жақында Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және...

КӘСІБІ ҚАРЫШТАҒАН КӘСІПОРЫН

Айтқалы отырғанымыз – қазіргі Ақмола өңіріндегі серіктестіктің құрылу тарихы...

«Азаптау жағдайларын тиімді тергеуді қамтамасыз ету»

2024 жылғы 27 маусымда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары...

«Обеспечение эффективного расследования случаев пыток»

27 июня 2024 года Комиссия по правам человека при...