Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының студенттері «Тұрақты даму мақсаттары – 2030» бағдарламасының 3-мақсаты «жақсы денсаулық және әл-ауқат»арналған талқылау өткізді. Бұл мақсат салауатты өмір салтын қамтамасыз ету мен қоғамның амандығын сақтау мәселелеріне бағытталған. Талқылау барысында студенттер заманауи медицинаның жетістіктері мен денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерді сарапқа салды. Олар Қазақстандағы медициналық қызмет сапасын жақсарту, аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану және психологиялық денсаулықты сақтау мәселелерін қозғады. «Салауатты өмір салты – тек жеке бастың мәселесі емес, ол қоғамның ұжымдық амандығына әсер етеді. Университет деңгейінде спорттық клубтарды көбейту мен дұрыс тамақтануды насихаттайтын жобаларды іске асыру маңызды» – деп білім алушылар атап өтті.Талқылау барысында студенттер бірнеше проблемалық мәселелерді көтерді:
1.Аурулардың алдын алу үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі.
2.Денсаулық сақтау саласындағы заманауи технологияларға қолжетімділіктің шектеулігі.Ұсыныстар қатарында студенттер:салауатты өмір салтын насихаттайтын тұрақты акциялар мен марафондар өткізу,университет жанынан психологиялық кеңес беру орталықтарын ашу,денсаулық сақтау тақырыбында арнайы дәрістер мен тренингтер ұйымдастыру секілді бастамаларды атап өтті. Ұлт денсаулығын сақтау мен нығайту тек медицина қызметкерлеріне жүктелген міндет емес, ол-бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Білім беру, ақпараттандыру және дұрыс өмір салтын ұстануға жағдай жасау арқылы ғана дені сау қоғам құруға болады. Бұл бағытта ата-аналар, жұмыс орындары, үкіметтік емес ұйымдар және барлық азаматтар бірлесіп әрекет етуі қажет деп есептеймін. Осы жайтты ескере отыра,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультетін ашқан болатын. Факультет бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура – білім берудің барлық деңгейдегі медициналық кадрларды дайындау бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай және соңғы ғылыми жетістіктерге негізделіп жүзеге асуда. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және оны жақсарту мақсатында жаңа бағдарламалар дайындау, оны жүзеге асыру және ары қарай дамытумен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдері, түрлі бағыттағы мамандар мен ұйымдарға қосымша кәсіби білім беру де қарастырылған
Тұрақты даму мақсаттары 3 мақсаты – адамзаттың денсаулығын жақсартуға бағытталған аса маңызды қадамдардың бірі. Кафедра студенттері бұл тақырыпты талқылау арқылы тек өзекті мәселелерді қозғап қана қоймай, оларды шешу жолдарын ұсынды. Студенттердің белсенділігі мен азаматтық ұстанымы – Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі.Бұл іс-шараның нәтижесі жастардың денсаулық сақтау саласын жақсартуға атсалысуға деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетті. Ал университет деңгейінде мұндай талқылаулардың жиі өткізілуі қоғамның салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.
Турсынкулова Д.А
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доцент м.а., з.ғ.к..,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 2 курс магистранты
Қасымбек Ә