«Адалдық – Нельсон Мандела өнегесі»: сотталғандар арасында тәрбие сағаты өткізілді

Минималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында «Адалдық – Нельсон Мандела өнегесі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тұлғалық өзгеріс пен ішкі адалдыққа жету жолында Нельсон Манделаның өмір жолын үлгі ету, сондай-ақ сотталғандардың бойында адами құндылықтарды қалыптастыру.

Шара аясында Нельсон Мандела туралы қысқаметражды деректі фильм көрсетілді. Көрсетілімнен кейін қатысушылармен ашық сұхбат ұйымдастырылып, адалдықтың маңызы, өмірлік қиын сәттерде шыншыл болудың рөлі, әрі Манделаның өмір жолындағы табандылығы талқыланды.

Сотталғандар өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісіп, адалдықтың адамның рухани өсуіне ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, адал болу – сенімділік пен сыйластықтың негізі екені айтылды.

Мұндай тәрбиелік шаралар сотталған азаматтардың ішкі жан дүниесіне әсер етіп, өз-өзіне сын көзбен қарауға, қоғамға қайта бейімделуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...