АДАЛ ҚЫЗМЕТ ӨЛШЕМІ – АЛҒЫС

Ақмола облысының көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлімшесі тәулік бойы өңір тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Бұл бөлімше басқаларға қарағанда ерекше түрде жұмыс істейді, себебі келіп түскен науқастар әртүрлі жағдайларда болады. Бөлімше қызметшілерінің еңбегін асыра бағалау қиын, өйткені олар алдыңғы қатарда жұмыс істеп, пациенттерге шұғыл көмек көрсетіп, кез келген уақытта науқасқа көмекке келу үшін әрқашан шұғыл дайындықта болады. Олардың еңбегі – сұранысқа ие.

Бүгінгі таңда Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының жедел жәрдем бөлімшесінде 60 медицина қызметкері жұмыс істейді: 2 дәрігер, 26 медбике және 2 санитар. Бөлімше меңгерушісі Айя Алибаева, бес жылдық еңбек өтілі бар дәрігер-терапевт. Жас және өршіл маманның мақтау қағаздары мен алғыс хаттары көп, оған қоса ол ұжым арасында жоғары құрметке ие. Айя Айтбайқызы өзін көпшіл, адал және жауапты басшы ретінде көрсетті. Оның айтуынша, шұғыл бөлімде жұмыс істеу кейде қиынға соғады, науқастар жыл сайын артып келеді, бірақ сүйікті ісіне және кәсібіне деген сүйіспеншілік пен адалдық қиындықтарды байқамауға мүмкіндік береді.

– Ағымдағы жылы біздің бөлімшеде орташа есеппен бір айда шамамен 3000-нан астам науқастар келіп түседі, өткен жылмен салыстырғанда пациенттер саны өсті. Негізінен әртүрлі жарақат алған адамдар жүгінеді. Науқастар санының артуына байланысты бөлім бейінді бөлімшелерге кеңейтілді. Жедел жәрдем бөліміне 4 корпустың анықтамалық бекеттері кіреді. 4 қабатты ғимаратта орналасқан бөлімше шұғыл пациенттерді қабылдайды, сонымен қатар жоспарлы пациенттерді, негізінен хирургиялық әрекетті қажет ететін ауруларды жеке қабылдайды. 5 қабатты ғимаратта жоспарлы пациенттер – терапевтік ауруханаға жатқызылады. 2010 жылдан бастап кардиологиялық бейіндегі жоспарлы және шұғыл пациенттерді қабылдау жүзеге асырылатын жүрек орталығы посты жұмыс істейді, оған қоса дерматологиялық бейіндегі жоспарлы пациенттерді де қабылдаймыз. 2012 жылдың маусым айында жарақат алған шұғыл науқастар ағынының артуына байланысты травматологиялық пункт ашылды, – дейді Айя Алибаева. Бөлімше меңгерушісінің айтуынша, ұжымда жауапты және өз ісінің шеберлері болып табылатын қызметкерлер жұмыс істейді. Оның ішінде он жылға жуық өмірін медицинаға арнаған Анастасия Владимировна Духанина жүрек орталығының шұғыл қызметінің терапевті болып еңбек етуде. Оған қоса, бөлімшеде 25 жыл жұмыс істеген жоғары біліктілік санаты бар жедел жәрдем бөлімшесінің аға медбикесі Оксана Ситнерге де үлкен жауапкершілік жүктелген. 1999 жылы Оксана Александровна «21 ғасырдың үздік медбикесі» емдеу мекемелері арасындағы облыстық байқауға қатысып, бірінші жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, мамандығы бойынша республикалық байқауға қатысып, «Қазақстан Республикасының үздік медбикесі» Гранприін жеңіп алды. Ол жас мамандарға үлгі және тәлімгер. Жұмыс барысында бірнеше рет облыстық аурухана мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен марапатталды, алғыс хаттары да бар.

– Әрине, бөлімшенің медбикелерінің еңбегін бағалау керек, оларсыз біздің жұмыс жүрмейді, олардың татулығы мен ауызбіршілігі мені тәнті етті. Рахимова Г.Б. , Кацапин А.Е., Нурпеисова М.М., Кацапина Л.Н. Воронова А.В., Дергачева И.А., Даулетбек Э.Б., Аникеева Д.П. , Балиева Н.Р., Сарсембаева К.А., Камзабаева К.Т., Закариянова А.С., Исжанова Д.Б., Куанышева М.К., Цариценская О.В., Мукашева Н.А., Душанская А.Е., сынды әріптестеріме алғысым шексіз. Бөлімшедегі жалғыз ер адам мейіргер Катцапин Алексей Евгеньевич. Ұжым үнемі дамып, жаңа білімге ұмтылып біліктілікті арттырудан және әртүрлі курстардан өтіп, шеберліктерін шыңдайды. Мысалы, 2018 жылы орта медициналық персоналды, сондай-ақ қабылдау бөлмесінің дәрігерлерін оқыту жүргізілді. Айта кету керек, кейіннен 2019 жылдың маусым айында қабылдау бөлімі жедел жәрдем мәртебесін алды, – деді Айя Айтбайқызы. Жасыратыны жоқ, шұғыл жедел жәрдем беру бөлімінің медицина мамандары тәулік бойы жұмыс істейтін және ауыр науқастарды қабылдайтын ең қиын және мазасыз бөлім. Қазіргі қызметкерлер бір кездері осы бөлімде жұмыс істеген бұрынғы әріптестерінің де білікті тәжірибелерін ұмытпай еске алып отырады. Олардан бөлек, бөлімше қызметкерлеріне науқастардың да алғыстары шексіз. Мысалы, қабылдау бөлімшесіне ауыр жағдайда келіп түскен науқас Арман Ахметжанов бүгінгі күнде сауығып келеді. Ол құрылыс жұмыстарын жасап жүргенде биіктіктен құлап, аяғын сындырып алған екен. Лезде жедел жәрдем шақырып, облыстық аурухананың шұғыл көмек көрсету бөлімшесіне жеткізілген, қабылдау бөліміндегі мамандар науқасқа тиесілі медициналық көмекті шұғыл түрде көрсетіп, өмірін сақтап қалған медицина қызметкерлеріне науқасымыз Арман Ризабекұлы алғыс білдіріп, оларға сарқылмас қуат тілейді.

– Мен ауруханаға ауыр жағдайда келіп түстім, бөлімше қызметкерлері өздерінің кәсіби білімдерінің жоғарылығын көрсетті, лезде тиесілі медициналық көмек берді. Бөлім меңгерушісі Айя Алибаева әріптестерінің іс-әрекеттерін қадағалап, менің денсаулығымды жеке жауапкершілігіне алды. Мен аяғымнан жүре алмай қаламын ба деп қатты уайымдаған едім, ауырғаны қатты жаныма батты. Бірақ, біздің облыстық ауруханамызда науқастардың өмірі мен денсаулығына араша түсетіндей барша жағдай жасалған екен, оған қоса, бөлімше медбикелері мен дәрігерлер өте мейірімді, жауапкершілігі жоғары, жұмысына адал, кәсіби біліктілігі керемет мамандар екеніне көзім жетті. Осындай мамандардың көмегімен мен ауруханадан өз аяғыммен кеттім, шұғыл көмек көрсету бөлімшесіне ризашылығым шексіз. Жұмыстарыңыз алға басып, мен сияқты ризашылық білдіріп, ақ батасын беретін, сауығып кеткен науқастарыңыз көбейе берсін дегім келеді, – деді Арман Ахметжанов.

Бақыт МАХАМБЕТҚЫЗЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...