Ағымдағы жылғы 05 маусымында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Шынар Әлімханқызымен мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдардың бағынысты ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесу Алматы қаласы «Демеу» әлеуметтік қызмет орталығының мәжіліс залында ұйымдастырылды.

Жиынға жалпы 100 жуық мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдардың бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Атап айтқанда, Алматы қаласы Әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлы, Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаментінің қызметкерлері, Алматы қаласы жұмсыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы және осы мемлекеттік органдардың бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Кезедсу барысында, Шынар Әлімханқызымен
- Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау
- Мемлекеттік қызметтегі шектеулер, оның ішінде лудомания мәселелері
- Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылу
- Мемлекеттік қызметті өткеру және іріктеу
- Президенттік жастар кадр резервін іріктеу
- Мемлекеттік көсетілетін қызметтер сапасы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 — 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
- Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жобасы және басқа да мемлекеттік қызмет саласындағы туындайтын мәселелер бойынша түсіндірме берілді.
Кездесу соныңда қатысушылар кадр қызметкерлерінің HR-сертификациялау мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға Шынар Әлімханқызымен толық жауап берілді.
Бұдан бөлек, жиын барысында сөз берілген Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұржан Узбехановпен Агенттік Төрағасының және Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы бекітілген жеткізді.
Сонымен қатар, Нұржан Узбехановпен мемлекеттік қызметте мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарына жол бермеу қжеттігін және қолайлы моральдық-психологиялық ахуал бойынша жұмысты күшейту қажеттігін жеткізді.
Алдағы уакытта түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Нұржан Узбеханов.