12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөнінде кездесу өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Нұржан Узбехановпен Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының оықрмандарына семинар-лекция өткізді.

Кезедсу барысында:

  • Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ұжымның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау қажеттілігі;
  • Мемлекеттік қызметтегі шектеулер, оның ішінде лудомания және тағы да басқа мәселелер;
  • Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылу;
  • Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жобасы және басқа да мемлекеттік қызмет саласындағы туындайтын мәселелер бойынша түсіндірме берілді;
  • Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелері;
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру меселелері қамтылды.

Этикалық және адал қызмет мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу барысында тындаушылар тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына қатысы бірқатар сұрақтар қойылды, нақты кейстер талқыланып, қойылған сұрақтарға толық түсіндірмелер ұсынылды.

Бұдан бөлек, Агенттік Төрағасының және Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы жеткізілді.

Алдағы уакытта түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Авторы: Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Н.Узбеханов

Енлик — первая артистка из Казахстана

Если Енлик действительно стала первой артисткой из Казахстана, которую...

Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай прошёл конкурс снежных фигур среди осуждённых

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...