Соңғы жылдары елімізде қоғамдық тәртіп пен заңды өрескел түрде бұзып, азаматтардың тыныштығына қауіп төндіретін ерекше сипаттағы қылмыстың бірі – жалған терроризм фактілері жиілеп барады. Халықты дүрбелеңге салып, тәртіп сақшылары мен құқық қорғау органдарын аяғынан тік тұрғызатын мұндай оқиғалардың тым көбейіп кетуі халықтың бейқамдығына да себепші болып барады. Жалған терроризм туралы хабар таратып, жалған дабыл қағу әрекетінің арты ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатыны әлі де болса көптің көкейіне жетер емес. Бір қарағанда ойын немесе қызық көрінгенімен, оның арты қоғам өміріне өте ауыр зардаптар тигізетіні ақиқат.
Жалан терроризм деген не? Жалпы дəл осы жалған терроризм дегеннің қайдан шыққанын сипаттап көрсек. Бүгінде аса кең етек алып, қоғамға қатер əрі қорқыныш сезімін ұялатып келе жатқан «лжетерроризм» ұғымы террористік акт туралы алдын ала жалған хабар тарату деген мағынаны береді. Мұндай қылмыс көбіне телефон арқылы, мессенджерлер немесе əлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылады. Əрине, мұндай хабарламалар пайда болғанда қоғамның қалыпты өмірінің бір-ақ сəтте астан-кестеңін шығарып, ел арасында үлкен қоғамдық резонанс тудырып, үрей мен дүрбелеңге түрткі болады. Ең сорақысы сол төтенше жағдай қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері жалған ақпаратты тексеруге барам деп, шынайы көмекке зəру адамдарға жете алмай қалуы əбден мүмкін. Яғни «террорис тік шабуыл жасалмақ» немесе «бомба қойылды» деп жұртты дүрліктіріп ақпарат тарату – жай ғана қателік немесе əзіл емес, қасақана қоғамды тұрақсыздандыру мақсатында жасалған қылмыстық іс-əрекетке жатады. Мұндай əрекет үшін Қылмыстық кодексінің 273-бабында қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жауапкершілік 14 жастан басталады Заң талаптарына сəйкес, жалған терроризм үшін жауапкершілік 14 жастан бастап қарастырылады. Бұл дегеніміз – мектеп жасындағы жасөспірімнің өзі де мұндай əрекеті үшін заң алдында тікелей жауап беретінін айғақтайды. Құқық қорғау органдарының мəліметінше, Қылмыстық кодекстің 273-бабына сəйкес, жалған террористік акт туралы хабар берген адамға 5 мың АЕК-ке дейінгі, яғни шамамен 18,4 млн теңге айыппұл, сондай-ақ дəл осындай мөлшерде түзету жұмыстары, одан əрі бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған. Мұнымен қатар, сот шешімімен келтірілген материалдық шығын да өтеледі. Ал бұл шығындар миллиондаған теңгені құрауы мүмкін. Жалан хабарды зардабы андай? Жалған террористердің көп жағдайда ел ішінде лаң салуға бағытталған негізгі «нысанасына» айналатын орындар – теміржол вокзалдары, əуежайлар, мектептер мен сауда орталықтары, яғни халық аса көбірек шоғырланған жерлер болатыны халықтың да санасына сіңген. Тəртіп сақшылары мен прокуратура органы өкілдерінің айтуынша, мұндай жалған хабарламалардың таралуы бірден мемлекеттік органдар мен басқа да əлеуметтік қызметтердің жұмысына елеулі кедергі келтіреді. – Қоғамның үрейі мен қорқынышын тудырып, халықты дүрбелең күйге түсіретін мұндай жалған террористік хабарламалар бірінші кезекте мемлекеттік органдар мен қызметтердің жұмысын тежейді. Экономикалық тұрғыдан үлкен шығын əкеледі. Ал ең бастысы, шынында да осындай оқиға туындай қалған жағдайда арнайы қызметтердің дер кезінде жету мүмкіндігін төмендетіп, оның «кезекті жалған террористік əрекет» деп бағалайды. Сондықтан мұндай «тосынсыйлар» тек құқық қорғау органдарын ғана емес жалпы қоғамды алаңдатып, елдің тыныштығы мен тұрақтылығы үшін жалпы қоғамдық сананың, əрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс деп ойлаймын, – дейді Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов. Ақмола облыстық прокуратурасының мəліметінше жалған террористік акт сал дарынан ел экономикасына тигізетін шығынның көлемі де аса үлкен. Мəселен ірі қалаларда вокзалдың осындай қасақана жасалған жалған хабарламалар салдарынан бір сағат мерзімге эвакуациялануы орта есеппен 1 миллион теңге көлемінде шығын əкелсе, ал ірі сауда орталықтарының жұмысын тоқтату – бірнеше ондаған миллион теңгемен есептеледі. Бұл шығындарды сот шешімі бойынша жалған террористтің өзі өтеуге міндеттеледі. Өкінгеннен пайда жо Ойнақтап жүріп от басып, ойланбай қызық көріп жұртты дүрліктірудің арты аса үлкен шығын мен өкінішке айналып жатады. Қолға түскен күдіктілердің істерін істеп алып «Мұндай болатынын білмеппін…», «Мас күйде болып едім» деп жазадан оңай сытылу əрекеті оларды қылмыстық жауапкершілік жүгінен құтқара алмайды. Мəселен,былтыр 4 қаңтарда Ерейментау ауданында халықтың үрейін туғызған жағдай орын алды. П. есімді азамат мас күйінде 102 нөміріне қоңырау шалып, «бомба қойылды» деген жалған мəлімет берген. Полиция мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу əрекет етіп, оқиға орнына жеткенімен, жарылғыш зат табылмаған. Шұғыл қызметтің қалай əрекет ететінін «сынамақ» болған оның бұл əрекеті бойынша қылмыстық кодекстің 273- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу жазасы тағайындалған еді. Бұл жалған террористер үшін нақты ескерту. оамды ауіпсіздік – орта міндет Лжетерроризм – қазіргі қоғам үшін аса қауіпті мəселе екені даусыз. Террористік əрекет жасалады екен деген хабарлама тек бір мекеменің ғана емес, тұтас халықтың тыныштығына сызат түсіретін қауіпті əрекет. Сол себепті кез келген азамат мұндай «əзілдің» ауыр салдарын түсінуі тиіс. – Ата-аналар балаларымен бұл тақырыпта əңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізуі қажет. Жастардың құқықтық сауаттылығы артуы тиіс. Бейбіт күнде үрей мен қорқыныш туғызу – ауыр қылмыс. Сондықтан, құқық қорғау органдары əрбір азаматты сабыр мен жауапкершілікке шақырады. Қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздік – бəрімізге ортақ құндылық, – дейді Руфат Құттықов. Облыстық прокуратураның ресми мəліметінше тек Ақмола облысында соңғы екі жыл ішінде ғана террористік акт туралы көпе-көрінеу жалған хабар тарату фактісі тіркелген болып шықты. Абырой болғанда мұның бəрі іс жүзінде шындық емес, жалған екені анықталған. Алайда, бұл қоғам мен құқық қорғау органдарының да сақтық шараларына бейғам қарап, қырағылығын төмендете ме деген қауіпке жетелейтіні сөзсіз. P.S. Қалай дегенмен де, жалған террористік хабарламалар қоғамның тұрақтылығы мен тыныштығын бұзатындықтан, мұндай мəселеге жалпы қоғамның бірлесе əрекет етуі аса маңызды. Тентегі мен есерін тыйып, заң мен тəртіп алдындағы жауапкершілікті сезінсе ғана елдің іші бүтін, жұрты тыныш болмақ…
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ