12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Бір ғасырлық тарихы бар қара шаңырақ – еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны ретінде мыңдаған білікті ұстаздарды дайындап, қазақ елінің ағарту саласына орасан үлес қосып келеді.

Ашық есік күнінің ресми бөлігінде Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары – 140 балл жинаған Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Толқын» орта мектебінің түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы арнайы марапатталып, естелік сыйға ие болды.
Шара аясында университеттің Сән және дизайн кафедрасының студенттері дайындаған сән үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, Алматы облысы Білім басқармасының өкілі Иманхатова Гульжихан түлектерге құттықтау сөз арнады.
Ашық есік күні барысында факультеттер жәрмеңкесі өткізіліп, 15 жылдық тәжірибесі бар педагог-профориентолог Омарбек Көшкімбайұлы «Мамандықты дұрыс таңдау мен грантқа түсу жолдары» тақырыбында дәріс оқыды.


Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Әбдіманапұлы Найманбаев «Қазіргі таңда оқу ордамызда тоғыз факультет бар. Олар Сорбонна-Қазақстан институты, Математика, физика және информатика факультеті, Педагогика және психология факультеті, Жаратылыстану және география факультеті, Филология факультеті, Тарих және құқық факультеті, Өнер факультеті, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті және Астана білім беру кафедрасы. Олардың әрқайсысы заманауи, сапалы маман дайындау үшін уақыт сұранысына сай бейімделген. Бүгінгі ашық есік күніне Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарынан жалпы саны 500-ге жуық оқушы келіп қатысты» — дейді.


Шара концерттік бағдарламамен және викториналық сұрақтармен жалғасты.

Қайта оралған қазына: қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Қабірхана есігіне қатысты тың деректер белгілі болды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі реставрациялық жөндеу...

Қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады – ҚР Оқу-ағарту министрлігі

✍🏻 ҚР Үкіметі жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын...

Сауран ауданында полицейлерге маңызды жиын өтті

Сауран ауданының полицейлерімен Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан...

Профилактика: Жол апатын болдырмау тиісті сала қызметкерлері назарында

Полиция департаментінде Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы...

Е.ЯВРОВА: «ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН»

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...