Абай облысының жас қызметкерлері аязды күндері әйелдер мен балаларға көмек қолын созды

Бүгін қасиетті жұма. Аптаның басында басталған қатты аязды күндері аялдамада тұрған жандарды №20 мекеме қызметкерлері керек жерлеріне жылы әрі жайлы жеткізіп қайырымды іс жасады. Сондай ақ, жақсы көңіл – күй сыйлау және осы аязды күндерде назарыңызды жылыту үшін қала тұрғындарын ыстық шәй мен тәтті тоқаштар ұсынды.

Күтпеген жерден көрсетілген көмекке қала тұрғындары шексіз алғыстарын білдірді.

«Бүгінгі жұма күні апта бойы сақылдаған аязда жүрекке жылулық ұялататын игі істерге бастамашы болып, жақсылық жасауға асыққан қызметкерлерге ризашылығым шексіз екендігін жеткізгіміз келеді», — дейді 64 жастағы қала тұрғыны.

Мейірім шуағы аязды жібітіп, мұзды да ерітетін дәлелдеген қызметкерлер: «біз кішіпейілдік пен мейірімділік күнделікті жасалатын кішкентай ғана қайырымды істерден құралатынына сенімдіміз. Ал қиындықта бейжай қалмау әр адамның қолынан келетін іс», — дейді мекеме қызметкері Құралай Иксанова

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...