Абай облысында түзеу мекемесі қызметкерінің балалары жалғызбасты әкелерін «Алғыс күнімен» құттықтады

Абай облысында балалар әкелерін Алғыс айту күнімен құттықтады. Қауіпсіздігі аралас түзеу мекемесінің тәртіп бөлімінің бастығы Рамазанов Бауыржан Еділұлы екі баланы жалғыз тәрбиелеп отыр.

Бүгін 13 жасар Әйгерім мен 15 жасар Нұртуған әкелеріне, оның ыстық ықыласы мен қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді. Бір жыл бұрын науқасынан ұзақ емделгеннен кейін Бауыржан Еділұлының жолдасы қайтыс болған еді. Енді бала күтімі жалғыз басты әкенің мойнында.

«Жолдасым қайтыс болғаннан кейін маған қиын болды. Балаларды тәрбиелеу, отбасындағы жайлылық пен жақсылықты сақтау әйелдердің иығында ғой. Кейде мен олардың сұрақтарына жауап та бере алмаймын. Қанша тырыссам да, кейбірде олар үшін аналары сияқты жақын жан бола алмай қалатындаймын. Бүгін балалар мені алғыс айту күнімен құттықтап, таң қалдырды», – дейді Бауыржан.

«Бауыржан Еділұлы – рухы биік адам. Ол кісінің отбасына амандық, бақыт тілейміз», — деді тәрбие және кадр бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова.

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...