Абай облысында сотталғандар азаматтар ми аэробикасын жасай бастады

        Абай облысында қауіпсіздігі аралас  колонияда сотталғандар арасында ми жасушаларын қалпына келтіретін, нейробика жаттығуларын жасату басталды.
        Жыл басынан бері мекемедегі жүз сотталушымен оқу-жаттығулар өткізілді.

Сотталғандар колония қабырғасында бос уақытын негізінен кітап оқумен немесе дене шынықтыру жаттығуларын жасаумен өткізеді. Бұл жалғыздықтан мезі болуға және денені жақсы күйде ұстауға көмектеседі. Жыл басынан мекеме психологтары сотталғандармен зейін мен зейінді ұштайтын, есте сақтау қабілетін арттырып, көңіл-күйін көтеретін ми жаттығуларын жасай бастады.
Мекемеде біздердің физикалық жағдайымыз және ақыл-ой қабілетімізді тексеру, қолдау мақсатында түрлі турнирлер жиі өткізіледі. Мына нейробика жаттығулары бізге өте пайдалы екенін мойындадым. Бостандыққа шыққан соң, әркімнің өз жоспары бар, біздерге мидың белсенділігіне қолдау қажет», — деп бөлісті сотталушы.

Қазіргі уақытта аталған ақыл-ой гимнастикасы кез келген адамға пайдалы. Мидағы жүйке жасушалары арасындағы байланыс нашарлағандықтан, ақыл-ой қабілеті төмендейді. Соның алдын алу мақсаттары үшін нейробика пайдалы. Нейробика жаттығулары депрессия белгілерін азайтатыны дәлелденді, бұл психологтың жұмысын жеңілдетеді. Жаттығу сотталғандардың қоғамнан оқшаулануымен байланысты стрессті ескере отырып, есте сақтау қабілеттіліктерінің нашарлауына жол бермейді, дейді мекеме психологы Надира Амангелдина.

От точечных мер – к системному подходу

СИСТЕМНЫЕ НАРУШЕНИЯ ПДД, РОСТ АВАРИЙНОСТИ И ФАКТИЧЕСКАЯ УТРАТА ПРЕВЕНТИВНОЙ...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...