Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде мекеме қақпасы алдында әсерлі кездесу өтті. Ұрлық жасағаны үшін үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған Абай облысының 40 жастағы тұрғыны рақымшылық жасау туралы заңнамалық акт негізінде бостандыққа шықты. Оны мекеме қақпасының алдында жалғыз жақын адамы — туған бауыры қарсы алды.

Жазасын өтеу барысында сотталған азамат мекеме қызметкерлеріне бостандықта оны күтетін жалғыз жақын адамы — бауыры екенін айтқан.
Ер адам бас бостандығынан айыру орындарында болған кезде ата-анасы қайтыс болған. Осы уақыттың барлығында бауыры оның жалғыз сүйенішіне айналып, оған моральдық тұрғыдан қолдау көрсетіп, байланысын үзбеген.
Бостандыққа дайындық барысында мекеме қызметкерлері сотталған азаматқа әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесіп, жеке профилактикалық әңгімелесулер жүргізді. Сонымен қатар бостандыққа шыққаннан кейінгі бейімделу және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес берді. Бұл бағыттағы жұмыстың маңызды бөлігі — сотталғандардың туыстарымен оң қарым-қатынасын сақтауға ықпал ету. Өйткені бостандыққа шыққаннан кейін жақындарының қолдауы олардың қалыпты өмірге қайта бейімделуіне маңызды рөл атқарады.
— Бүгін мен үшін ерекше күн. Мен осы қақпадан шығып, бауырыммен қайта қауышатын сәтті асыға күттім. Мұнда болған уақытымда өмірімде көп нәрсе өзгерді, ата-анамнан айырылдым. Осы уақыттың барлығында жанымнан табылған жалғыз туған адамым — бауырым. Оның қолдауы үшін алғысым шексіз. Енді жаңа өмір бастауға ниеттімін, бұдан былай қателікке бой алдырмай, оның сенімін ақтағым келеді. Мекеме қақпасы алдында болған бұл кездесу мен үшін өмірімнің жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Алда қоғамға қайта оралып, жақын адамыммен қарым-қатынасымды қалпына келтіруге және өткеннен сабақ алып, заң талаптарын сақтай отырып, өмірімді жаңа парақтан бастауға мүмкіндік бар, — деді бостандыққа шыққан азамат.
— Біздің міндетіміз — жазаны орындауды қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар сотталған азаматқа қоғамға қайта оралуға дайындалуға көмектесу маңызды. Біз әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, олардың психологиялық жағдайына, әлеуметтік мәселелеріне, сондай-ақ отбасылық және туыстық байланыстарын қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлеміз. Бұл жағдайда бостандыққа шыққан азаматты қолдауға дайын жақын адамының болуы аса маңызды. Отбасы мен оң әлеуметтік орта адамның бостандыққа шыққаннан кейінгі сәтті әлеуметтік бейімделуінде маңызды рөл атқарады, — деп атап өтті сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...