Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері ата-анасынан айырылған қыздарды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері ата-анасынан айырылған қыздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
ҚАЖ қызметкерлері Семей қаласындағы №8 балалар үйінде тәрбие алып жатқан жасөспірім қыздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Қазіргі күні балалар үйінде барлығы 66 бала тәрбиеленуде, оның 30-ы қыз балалар. Мұнда республиканың әртүрлі қалаларынан балалар тәрбиеленуде. Аталмыш үйде 4 пен 18 жас аралығындағы балалар тұрады.
«Бүгінгі мерекелі күні қыздарымызға көңіл бөлген қызметкерлерге рахмет», — дейді балалар үйінің психолог-педагогы Эльмира Масалимова.
«Әрбір әйел мен әр қыз 8 наурызды асыға күтеді, бүгін ата-ана жылуынан айырылған қыздарға қонаққа бардық, олармен әңгімелестік, болашаққа жоспарларын сұрадық. Біздерді таң қалдырғаны, бұнда бірнеше жасөспірім қыз балалар полиция формасын кигісі келеді екен. Кім біледі, бәлкім, бүгін «болашақ тәртіп сақшыларымен» сөйлескен шығармыз, бізді бұл жайт қатты қуантты », – дейді кадр саясаты бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...