Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде пластикалық терезелер шығаратын цех ашылды

Пластикалық терезелерді шығаратын цех ағымдағы жылдың шілде айында жұмысын бастап, бүгінгі күні, мұнда жиырма сотталған жұмыс істейді, жыл соңына дейін тағы 10 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Осылайша сотталғандар, алимент пен жәбірленушілерге келтірілген шығындарын төлеуге мүмкіндік беретін ақылы жұмысқа тартылады.
Бір жұмыс ауысымында цех он шақты пластикалық терезе жақтауларын шығара алады. Олардың жалақысы шығарылған өнім мөлшеріне байланысты. Жасалған терезелер бүкіл қалада және оған жақын аудандарда сатылады.
«Мекемеде барлығы сегіз жеке кәсіпкер мен екі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Олар: кір сабын, шырындар, брусчатка, ұлттық ағаш ыдыстар өндіреді», — дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Дастан Исабеков.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...