Абай облысында «Қайырымдылық күні» ҚАЖ қызметкерлері жалғызбасты әкеге барды

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 15 наурыз – «Қайырымдылық күні». Бұл күні қызметкерлер 6 жылдан бері үш кішкентай баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкеге барды.
Отбасының анасы кенже баласы алты айлық кезінде ауыр сырқаттан қайтыс болған. Содан бері бала күтімі әкенің мойнына артылған.
Үлкен қызы жақында тоғыз жасқа толса, екі ағасы биыл жеті және алты жасқа толады. Ал соңғы бес жылдан бері №19 мекеме қызметкерлері бұл отбасына қол ұшын созып келеді.
«Біз олардың анасын алмастырмаймыз, бірақ бұл балаларға жылулық пен қамқорлық көрсету біздің қолымыздан келеді. Біз бұл отбасы туралы бес жыл бұрын білдік және әрбір мереке, мейлі Жаңа жыл, мейлі балалардың туған күні, мейлі бірінші қоңырау болсын, біз сонда болуға тырысамыз. 15 наурыз – қайырымдылық күні-бұл күн бүкіл ел бойынша қайырымдылық, мейірімділік жасауға арналған, сондықтан да, бүгін біз бұл отбасына барудың тағы бір себебін таптық. Балалар әдеттегідей сыйлықтар мен бұйымдарды алып, бізді көріп қуанып, оқудағы жетістіктерімен бөлісті», — дейді кадр саясаты бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова.

«Осы уақыт ішінде мекеме қызметкерлері бізге келіп, ертеңгі күнге деген сенімімді арттыруға көмектесті, материалдық және моральдық жағынан көмектесті. Балаларым оларды көргенде қуанады, әр кездесуді асыға күтеді», – дейді үш баланың әкесі Дулат.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...