Абай облысында мекеме қызметкерлері көпбалалы қызметкерлердің балаларын мерекелерімен құттықтады

«Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №19 мекемесінің қызметкерлері көпбалалы мекеме қызметкерлерінің балаларын мерекелерімен құттықтады.
Шараға 6 жастан 10 жасқа дейінгі көп балалы отбасы балалары шақырылды. Олар үшін қызықты ойындар өткізілді, олар екі командаға бөлініп, бір-бірімен түрлі сайыстарға түсті. Командалардың күштері тең болып, «ДОСТЫҚ» жеңіске жетті. Сайыс соңында ән мен биден шашу шашылды. Кейін мерекеге қатысушылардың барлығына сыйлықтар табыс етілді.
«Бүгінгі бізге қуаныш сыйлағаны үшін ұйымдастырушыларға рахмет. Балалар бұл мерекені әрқашан асыға күтеді, бұл олардың екінші Жаңа жылы немесе туған күні. Бұл күні әрбір ата-ана баласын қуантуға тырысады, бірақ бұл әрқашан нәтиже бермейді. Біздер Мерекеге шақырғанда, қуанып қалдық. Бүгін біз балаларымызды басқа жақтан көрдік, олар мұнда мүлдем танымайтын балалар арасында болды. Бірақ қызметкерлер мерекеге жоғары дәрежеде дайындалып, қызықты кеш ұйымдастырды. Мекеме ұжымына, ауыртпалығы мол жұмыстарына қарамастан, бізге осындай мер үшін алғке сыйлағандарына мың алғыс айтамыз,» — деп аналардың бірі қызметкерлерге алғысын білдірді.
«Жыл сайын біз балаларды мерекелерімен құттықтаймыз, соның ішінде балалар үйлеріне, интернаттарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға барамыз. Биылғы жылы іс-шараларды түрлендіріп, көп балалы отбасы қызметкерлердің балаларына мереке ұйымдастырдық. Бұл күні қызметкерлеріміздің балалары мен жұбайларымен кездескенімізге қуаныштымыз және бүлдіршіндерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілейміз», – деді бастықтың орынбасары Айдын Қалелов.

Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды

Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді...

Нотариустар жасаған атқарушылық жазбалардың күшін жою туралы дауларды қарау тәжірибесі

Нотариустың атқарушылық жазбасы – азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс...

Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Медицинада бүгінгі таңда денсаулық сақтау ісінде іргелі теориямен  қатар...

Қазақи қолөнер

Ұлттық мәдениетіміздің айнасы болып табылатын қазақи қолөнер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп...