Абай облысында бос жұмыс орын жәрменкесі өтті

Бүгінгі күнде елімізде сотты болған азаматтарды қоғам ортасына бейімдеу өзекті мәселе ретінде қаралып отыр. Осы бағытта сотталғандарды жұмыспен қамтып олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға  Үржар аудандық № 1 пробация қызметі аудандық жұмыспен қамту орталығы және Үржар ауданы прокурорының қатысуымен бірлескен «Бос жұмыс орын» жәрменкесін өткізіп, есептегі сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында, сонымен қатар, қайталама қылмыстылықтын азайтуына үлкен септігін тигізбек. 

Аталған іс-шараға пробация қызметінің есебіндегі 15 сотталған қатыстырылып, шақырылған жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар өздеріне қажетті жұмысшы лауазымдарымен және төленетін айлық жалақымен таныстырды.

Іс-шара өткізілу барысында бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған Б.: «Мен осы іс-шараға қатысу арқылы өзімнің әліде болса қоғам ортасында орынымның бар екенін, ел қатарлы азаматы екенімді сезініп, алдағы уақытта өзімді заңға бағынушы азамат ретінде тәрбиелеу керек екенімді түсіндім», деп өз ойын айтты.  

Осындай іс-шаралар сотталғандарға өздерінің әліде қоғам ортасынан алыстатылмағанын әлі де болса түзелу жолына тұру мүмкіндігі бар екенін сезіндіреді. Сондықтанда,  Пробация қызметі, сотты болған азаматтарға құқықтық әлеуметтік көмек  түрлерінің  көрсетілуіне  жәрдем бере отырып, олардың түзелу жолына түсуіне байланысты тәрбие жұмыстарын жалғастыра бермек.    

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...