Абай облысында №19 қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған «Бейбітшілік акциясына» қатысты

Мекеме қызметкерлері Семей қаласындағы «Бейбітшілік» аралындағы «Өлімнен де күшті» монументі жанында өткен «Біз ядролық жарылыссыз өмірді қолдаймыз» акциясына қатысты. Іс-шара барысында қызметкерлер ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ядролық полигон құрбандары мен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бүгін Біздің қалада «Семей полигонының» жабылғанына 33 жыл толған күні атап өтілді. Бұл жаппай қырып-жоятын қарудың әлемдегі төртінші үлкен арсеналы бар полигон. Жарылыстардың салдарынан облысымыздың тұрғындары мен көптеген тірі организмдер зардап шекті. Менің ойымша, қызметкерлердің мұндай шараларға қатысуы олардың патриоттық сезімін арттырады, — дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...