Абай облысында «Қақпа алдында кездесу» өткізді

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы негізінде еңбекке және тұрмысқа орналастыру бойынша аға инспекторының ұйымдастырылуымен 2026 жылы 18 ақпанында босатылған азаматты шығарып салу іс-шарасы өткізілді.
Түзеу мекемесінен босатылған азамат Сабит (есімі өзгертілген). Атаулы азамат жаза мерзімінің аяқталуы бойынша босатылды. Жаза мерзімін өтеу барысындағы әр азаматтың арманы түзу жолға түсу немесе жақындарына, отбасына, уйлеріне оралу болды. Түзеу мекемесінде жұмыс істеп, табыс тауып бірі отбасына туыстарына комектессе, бірі мемлекетке қарыздарын жапты. Сондай ақ біреулері кешкі мектептен оқып білім алса, кейбірі коллеждан оқып диплом алып шықты. Оларды қақпа алдында өмірінің қиын кезеңінде қолдау көрсетіп, ұзақ уақыт бойы сабырлықпен күткен туыстары ағасы, жанұясы күтіп алды.Кездесуде босатылған азаматтың туыстары ғана емес, Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкері, қатысуымен өткізілді.
Кездесу барысында босатылған азаматқа босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация бөлімдеріне профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары жайлы айтылды.
«Жалпы, «Қақпа алдында кездесу» жобасын өткізудің маңыздылығы өте жоғары. Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, құқықтық көмек, бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңестер берді»- деп түсіндіріп өтті сотталғандарды еңбекке және тұрмысқа орналастыру бойынша аға инспекторы аға лейтенанты Сыздыкова М.Ж.

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...