Абай облысындағы трагедия: не белгілі?

Абай облысы Үржар ауданында қайғылы жағдай болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үш балаға дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр.

«Президенттің тапсырмасымен Астанадан Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен жеткізілді. Қаза тапқандардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажет қолдау, сондай-ақ, психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында», — деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, БАҚ мәліметіне сүйенсек, балалар үйдің маңында ойнап жүрген кезде көлік қағып кеткен. Көлік жүргізушісі қамауға алынған. 

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.