Абай облысындағы максималды қауіпсіздік мекемесінде Дүниежүзілік кітап күніне орай орталық қалалық кітапхана өкілдерінің қатысуымен ағартушылық акция өтті

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты максималды қауіпсіздік мекемесінде Дүниежүзілік кітап күніне орай кітап оқуды насихаттауға, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға және мәдени көкжиегін кеңейтуге бағытталған әлеуметтік-ағартушылық акция өтті. Іс-шара қалалық орталық кітапхана өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылып, сотталғандар үшін арнайы әдеби бағдарлама ұсынылды.

Акцияның басты мақсаты — кітап оқуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, интеллектуалдық әлеуетті арттыру және мекемеде жазасын өтеушілердің тұлғалық дамуына жағдай жасау.

Іс-шара аясында кітапхана қызметкерлері қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармаларынан арнайы топтама дайындап, көркем шығармалардан үзінділерді дауыстап оқып берді және қысқаша әдеби шолулар жасады. Қатысушылар классикалық және заманауи туындылардың мазмұнымен танысып, кейіпкерлер бейнесі мен авторлық идеяларды талқылады.

Ерекше қызығушылық тудырғаны — ашық диалог форматы болды. Сотталғандар талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, өмірлік мысалдар келтіріп, сұрақтар қойды. Кездесу барысында кітап тек оқу құралы ғана емес, өмірлік құндылықтар, моральдық таңдау және жеке жауапкершілік туралы терең ойлануға себеп болған ортаға айналды.
Қалалық орталық кітапхана өкілдері мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, кітаптың рухани даму мен қайта әлеуметтендіру үдерісіндегі рөлін ерекше атады.

Көркем және танымдық әдебиетті оқу адамның өмірлік тәжірибесін қайта пайымдауға көмектеседі, талдау жасау, жанашырлық таныту және сыни ойлау қабілетін дамытады. Біз мұндай кездесулердің қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудыратынын көріп отырмыз. Бұл кітаптың адам ішкі әлеміне және дүниетанымына ықпал ететін қуатты құрал екенін дәлелдейді, — деді кітапхана өкілдері.

-Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру сотталғандармен жүргізілетін тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Біз кітапты қайта әлеуметтендірудің негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырамыз. Ол тұрақты оң көзқарастарды қалыптастыруға, ойлау қабілетін және эмоционалдық саланы дамытуға ықпал етеді. Мұндай кездесулер тек кітап оқуға баулып қана қоймай, өмір жолын саралауға, құндылықтарды қайта бағалауға және жеке жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта біз кітапханалармен және мәдени мекемелермен ынтымақтастықты кеңейтіп, бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде дамытуды жоспарлап отырмыз, — деді тәрбие және сотталғандармен әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті, себебі олар тұлғаның дамуына, мәдени байланыстардың нығаюына және оң өзгерістердің қалыптасуына ықпал етеді.

В учреждении №57 выявлен тайник с запрещенными предметами

В учреждении №57 Департамента уголовно-исполнительной системы по Алматинской области...

№57 мекемеде тыйым салынған заттары бар жасырын орын анықталды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №57...

«Ұлттық кітап күніне» орай тағылымы терең, мәні зор іс-шара өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №21 мекемеде...