Абай облысындағы әйелдер колониясында «Күшіміз бірлікте» атты тренинг өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында қызметкерлерге арналған «Күшіміз бірлікте» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс тобының аға инспектор-психологы Әлия Қарасаева ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұжымның бірлігін нығайту, командалық рухты күшейту, қызметкерлер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді дамыту, сондай-ақ қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру болды.

Тренинг аясында командалық ойындар, психологиялық жаттығулар және қатысушылардың өзара іс-қимыл деңгейі мен эмоционалдық жағдайын анықтауға бағытталған тестілеу өткізілді. Қызметкерлер тапсырмаларды орындауға белсенді қатысып, өзара қолдау көрсетудің, бастамашылдықтың және командада тиімді жұмыс істей білудің жоғары деңгейін танытты.

Осындай іс-шараларды өткізу эмоционалдық жүктемені азайтуға, қызметкерлердің кәсіби ынтасын арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және әрбір адамның әлеуеті тиімді өзара іс-қимыл мен ортақ жауапкершілік арқылы ашылатын біртұтас әрі ұйымшыл ұжым қалыптастыруға ықпал етеді.

– Мұндай тренингтердің жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуда маңызы зор. Олар сенім, өзара түсіністік пен қолдау атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде қызметтік міндеттердің сапалы орындалуына және бүкіл ұжым жұмысының тиімділігіне оң әсерін тигізеді, – деп атап өтті мекеме басшысы Уалихан Жумашев.

«Ізгі істер жылуы»: мекеме қызметкерлері оқушыға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...