Абай облысындағы ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар арасында онлайн шахмат турнирі өтті

        Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде орташа және барынша жоғары қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті. Жарыс онлайн форматта ұйымдастырылып, облыстағы екі мекеменің сотталғандарын қамтыды.
      Шахмат турнирі сотталғандардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастырудың бір түрі болып, олардың зияткерлік қабілеттерін, сабырлылығы мен стратегиялық ойлау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.
        Онлайн форматтың арқасында екі мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар бірыңғай зияткерлік сайысқа қатысты. Ойындар тартысты әрі достық жағдайда өтті. Әрбір жүріс қатысушылардан мұқияттылықты, шыдамдылықты және жағдайды бірнеше қадам алға болжап, саралай білуді талап етті.
         Жазасын өтеп жатқан азаматтар үшін мұндай іс-шаралардың тек жарыстық емес, тәрбиелік маңызы да зор. Олар сотталғандардың қабілеттерін ашуға, оң мотивациясын қалыптастыруға, өзін-өзі бақылау және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
       Турнир қорытындысы бойынша жеңіске Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан 67 жастағы сотталған жетті.
      - Мен шахматпен көптен бері айналысамын. Мен үшін бұл жай ғана ойын емес, күнделікті ойлардан арылып, есте сақтау қабілетін, шыдамдылықты және өз әрекеттерімді саралай білуді дамытудың бір мүмкіндігі. Әр жүрісті жасамас бұрын оның салдарын ойлау керек. Бұл шахматта ғана емес, өмірде де өте маңызды. Менің үш балам және бес немерем бар. Отбасымды өте жақсы көремін және жақындарыммен үнемі байланыста болуға тырысамын. Қазір уақытымды пайдалы өткізуге, түрлі іс-шараларға қатысуға және өзімді дамытуға күш салып жүрмін. Сондықтан турнирге қатысып, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Шахмат сабыр сақтауға, бірнеше қадам алға ойлауға және қиын жағдайда берілмеуге үйретеді, — деді турнир жеңімпазы.
        - Шахмат адамнан тәртіпті, сабырлылықты, мұқияттылықты және әрбір қабылдаған шешіміне жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандарға өз қабілеттерін көрсетуге, бос уақыттарын тиімді өткізуге және пайдалы дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қатысушылардың тек жарысып қана қоймай, қарсыласына құрметпен қарауды, жеңісті де, жеңілісті де лайықты қабылдауды үйренуі маңызды. Шахмат турнирінің онлайн форматта өткізілуі сотталғандар әртүрлі мекемелерде жазасын өтеп жатқан жағдайдың өзінде ортақ іс-шаралар ұйымдастыруға және олардың зияткерлік дамуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік бар екенін көрсетті. Алдағы уақытта да осындай бастамаларды жалғастырып, сотталғандардың спорттық, зияткерлік және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр, — деді мекеме бастығының орынбасары Жеңіс Дәуренбеков.

В Департаменте УИС по области Абай обсудили вопросы работы с обращениями граждан

В Департаменте УИС по области Абай состоялась рабочая встреча...

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...