Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде үстел теннисінен турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық дағдыларды дамыту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру.
Жарысқа мекеменің әртүрлі жасақтарынан сотталғандар қатысты. Турнир өзара құрмет пен әділ бәсеке жағдайында өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген ұмтылысын және спорттық шеберлігін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. Ұйымдастырушылар сотталғандардың спорттық іс-шараларға жоғары қызығушылық танытып, белсенді қатысқанын атап өтті.
– Спорттық іс-шараларды өткізу қылмыстық-атқару жүйесіндегі тәрбиелік жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Спорт тәртіпті нығайтуға, мақсатқа ұмтылуды дамытуға және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың күш-жігерін оң арнаға бағыттап, олардың әлеуметтік бейімделуіне және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлетін боламыз, – деді сотталғандар арасында тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.
Мекемеде сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге, моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған спорттық турнирлер, мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...