Абай облысына «Қаладан – ауылға» жобасы бойынша 6 айда 395 отбасы қоныс аударды


Абай облысында аймақ басшысы Берік Уәлидің бастамасымен осыдан 6 ай бұрын басталған «Қаладан – ауылға» жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Жобаға қызығушылық танытқан азаматтар саны артып, ауылдық жерлерге қоныс аударушылар қатары көбейіп келеді.

Осы уақыт аралығында облысқа жалпы саны 1241 адамнан тұратын 395 отбасы қоныс аударды. Оның ішінде 508 адам Семей қаласынан, 733 адам еліміздің басқа өңірлерінен көшіп келді.

Соңғы аптада облыс ауылдарына 42 отбасы қоныстанды. Бұл – жоба басталғалы бір аптадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұған дейін аптасына орта есеппен 10-15 отбасы көшіп келген.

Жобаны іске асыру аясында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін өңірге 500 отбасын көшіру межесі белгіленген. Қазіргі таңда бұл жоспар 79 пайызға орындалды. Белгіленген межеге сәйкес әр ауданға 50 отбасынан қабылдау міндеті қойылған. Бұл көрсеткіш қала және аудан әкімдерінің қызметін рейтингтік бағалау жүйесіне де енгізілген.

Айта кетейік, биылғы жылдың 20 ақпанында Семейде облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы өтті. Форум аясында «Қаладан – ауылға» атты жаңа жобаның басталғаны жарияланған болатын.

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...

Ученый, педагог, наставник

Имя выдающегося ученого-юриста, профессора Мажита Таировича Имашева безгранично связано...