Абай облысы Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен қоныс колониясында «Алғыс айту» күні өтті

Абай облысы Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен қоныс колониясында Алғыс айту күніне орай тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараны мекеменің тәрбие бөлімі өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында адамгершілік құндылықтарды насихаттау, отбасының, жақын жандардың қадірін түсіндіру және рухани дамуға бағыт беру.

Бағдарлама аясында сотталғандар шахмат ойнап, өлеңдер оқыды, сурет және өлең байқауына қатысты. Сонымен қатар мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстары алғыс, ата-анаға құрмет, отбасы құндылығы тақырыптарына арналды.

Тәрбие бөлімі жасақ бастығы, әділет майоры Ахметжанова С.А. атап өткендей, мұндай іс-шаралар сотталғандардың жақын адамдарының қадірін түсінуіне, отбасының маңызын сезінуіне ықпал етеді.
«Осындай кездесулер адам бойындағы ризашылық сезімін оятып, туған-туыс пен отбасының қолдауының қаншалықты маңызды екенін ұғындыруға көмектеседі», – деді ол.

Іс-шара өзара құрмет пен түсіністік атмосферасында өтті. Бұл – сотталғандардың рухани тәрбиесі мен қоғамға бейімделуіне бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...