Абай облысы ҚАЖД №21 мекемесінде Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Түзеу мекемесінде мерекелік іс-шаралар өткізу сотталғандарды мәдениетке тартуға, моральдік қасиеттермен рухани құрамдас бөлікті дамытуға, есептелген тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ сотталғандар уақытша демалуға, күнделікті ойдан алшақтауға мүмкіндік алады. Мерекелік іс-шараларға сотталғандардың басым бөлігі тартылды. Мерекеге арналған жасақтардың арасында қабырға газеттерінің конкурстары және спорттық іс-шаралар айта кетсек дойбы және шахмат сайыстары өткізілді. Соныңда сотталғандар патриоттық рухты әндер орындап, өз шығармаларын оқып мерекені аяқтады. Бұл іс-шара сотталғандардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру өзін-өзі тану және олардың түзелуіне оң әсерін тигізу, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілді.

«Ізгі істер жылуы»: мекеме қызметкерлері оқушыға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...