Абай облысы ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері Ауғаныстанда қару қақтығыстарға қатысқан аргердермен кездесу ұйымдастырды

Ауғанстаннан Кеңес әскерлердің шығарылған күні ауған ардагерлері үшін мереке, сонымен бірге қаза тапқан барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні болып табылады.
Осы оқиға қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің қызметкерлері Ауғанстандағы қарулы ұрыстарға қатысқан ардагер Арыстанбек Идрышевпен кездесу ұйымдастырды.
Мекеменің акт залында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған жиын өтті.
Идрышев Арыстанбек Шакенұлы Кабул қаласын қорғаудағы әскери іс-қимылдарға қатысып, Ауғанстанда борышын өтеп, «Интернационалист жауынгер» қызыл жұлдызша төсбелгісімен марапатталған.
1980 жылы қарулы күштер қатарына шақырылды.
1981-1983 жылдары Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын өтеген.
Арыстанбек Идрышев қызметкерлерге ауған жеріндегі ауыр қызмет туралы, сарбаздың күнделікті өмірі, әскери борышын өтеу барысы туралы айтып берді.
Ардагермен кездесуден кейін мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов ардагерге сол мекемеде еңбек етіп, жыл қорытындысы бойынша «Үздік қызметкер» атанған ұлын тәрбиелегені үшін «Алғыс хат» табыс етті.
«15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толады. Ауғанстанда қызмет еткендердің барлығын, олардың отбасылары мен жақындарын келе жатқан мерекемен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық, достарыңызбен көңілді кездесулер тілейміз», — деп құттықтады мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...