Абай облысы ҚАЖ қызметкерлері қалалық Әскери даңқ мұражайында болды

Қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамы тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдардың ардагерлерімен бірлесіп, қалалық Мәдениет үйінде кездесу және экскурсия ұйымдастырды. No21 мекеменің жас қызметкерлері әскери даңқ мұражайын тамашалады. Мұражайда сол жылдардағы марапаттар, құжаттар, қару-жарақ үлгілері мен тұрмыстық заттар қойылған. Майдангер Саят Әділханов өзінің қызметі мен қазақ жауынгерлерінің ерліктері туралы әңгімеледі.

Саят Әділханов өте жас кезінде тәжік-ауған шекарасындағы, әскери операциялар жүріп жатқан төтенше жағдай аймағындағы әскери істерді көрген. Мұндай кездесулер, әсіресе, ішкі істер органдарына қызметке жаңадан келген жас қызметкерлердің бойында жоғары патриоттық сананы, туған жерге деген адалдықты, жерлестерінің ерліктерін құрметтеуді, азаматтық борышын өтеуге дайындығын қалыптастыруда маңызы зор. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері ардагерлер мен мұражай қызметкерлеріне танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...