Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі аралас мекемесінде ашық есік күні өтті

Сотталғандардың 20-дан астам туыстары жақындарымен кездесу үшін қауіпсіздігі аралас мекемесіне ашық есік күніне келді.
Мекеме бастығының орынбасары Еркін Ахметжанов пен сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Асхат Керімхановтың тарапынан туыстары үшін жеке кездесу ұйымдастырылды, онда сотталғандардың туыстарына оларды медициналық қамтамасыз етуге, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулерге, тамақтануға, ұстау жағдайларына және т.б. қатысты сұрақтар бойынша толық түсініктемелер берілді.
Әрі қарай, қонақтар үшін колония аумағы бойынша экскурсия өткізілді, онда олар жасақтарға жеке баруға, сотталғандардың өмір сүру жағдайлары мен күнделікті өмірлерімен танысуға мүмкіндік алды.
Бүгінгі таңда ең жоғары қауіпсіздік колониясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам сотталушы ұсталады. Ашық есік күні-сотталғандарға ықпал етудің көтермелеу шарасы, онда басты мақсат сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланыстарын сақтау болып табылады, – деп атап өтті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Асхат Керімханов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...