Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінде жаңа оқу жылының басына орайластырылған «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті

Мекеме қызметкерлері бірнеше отбасыларға барып шықты, мысалға,онда бір отбасында жалғыз анасы төрт ұл тәрбиелейді, балалары мектепте оқиды, екінші отбасында бес бала бар, отбасының отағасында белгілі бір жұмыс жоқ, ал анасы үйде бала тәрбиесімен айналысып отыр.

Бүгінгі таңда баланы мектепке дайындау, қажет нәрсенің бәрін сатып алу өте қымбат. Әсіресе бірнеше оқушы бірден тәрбиеленетін отбасыларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қиын. Күйеуім бізді бес жыл бұрын тастап кетті, содан бері мен төрт ұлды жалғыз тәрбиелеп жатырмын және жаңа оқу жылы басталар алдында » не істеу керек, балаларды мектепке қалай жинау керек ?»- деп абдырап қаламын. Мекеме қызметкерлеріне осындай сәтте бізге көмек көрсеткені үшін рахмет, — деді төрт ұлдың анасы.

Көпбалалы және толық емес отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлінуде, оларға оқу жылының сәтті басталуы үшін қажетті мектеп керек-жарақтары табысталды. Бұл жолы біз балаларға мектеп формасын, рюкзактар мен мектепке керек — жарақтарын таңдауға мүмкіндік бердік, олар өздеріне ұнайтын затты ала алғанына өте қуанышты болды, — деп хабарлайды мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...