Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері арасында сабақ — тренинг өткізілді

Отбасы күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖД-нің жеке құрам бойынша аға инспектор психологы «Отбасы. Отбасылық құндылықтар» атты тақырыпта сабақ-тренинг өткізді. Сабақтың мақсаты: отбасы ұғымына оң көзқарасты және отбасылық қарым-қатынасқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру; болашақ отбасының оң имиджін қалыптастыру; отбасылық жанжалдарды шешу дағдыларын дамыту; туыстық байланыстардың ресурстық маңыздылығын өзектендіру, қатысушылардың қазіргі отбасылардағы отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасының құндылығын қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді дамыту, шағын топта оң қарым-қатынас орнату, отбасы мүшелерінің рөлдік функцияларын түсіну, қатысушыларды әлеуметтік маңызды отбасылық құндылықтарға ынталандыру. Бұл тренингке Семей қаласының пробация қызметінің барлық қызметкерлері қатысты.

— Отбасылық құндылықтар-бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер. Бұл оның күшті болуына себеп болатын сезімдер. Мұның бәрі-адамдардың үй ішінде бірге бастан кешіп жатқаны — қуаныш пен қайғы, әл-ауқат немесе проблемалар мен қиындықтар, — деп атап өтті жеке құрам бойынша психолог аға инспектор Ұлдана Мұқатаева.

В учреждении №57 выявлен тайник с запрещенными предметами

В учреждении №57 Департамента уголовно-исполнительной системы по Алматинской области...

№57 мекемеде тыйым салынған заттары бар жасырын орын анықталды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №57...

«Ұлттық кітап күніне» орай тағылымы терең, мәні зор іс-шара өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №21 мекемеде...

Проведено совещание по вопросам организации трудовой занятости осуждённых

В учреждении средней безопасности УИС по области Абай проведено...