Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры Курманова Дильназ Қайратқызы, сондай-ақ осы бөлімнің прокуроры Мырзахметов Абзал Серікұлы қатысты.

Кеңес барысында азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін уақтылы, толық және объективті қарауды қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Өтініштерді қарау кезінде заңнама талаптарын сақтау, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ формалды көзқарасқа жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар өтініштерді талдау барысында анықталатын типтік бұзушылықтарды талқылап, осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар әзірледі. Сонымен қатар, ведомстволық бақылауды күшейту және халықпен кері байланысты жетілдіру шаралары белгіленді.

Өтініштерді сапалы әрі уақтылы қарау мемлекеттік органдардың ашықтығы мен азаматтардың сенім деңгейінің маңызды көрсеткіші екені атап өтілді.
Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы Дауленова Мөлдір өз сөзінде өтініштермен жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды:

Азаматтардың өтініштері – бұл жай ғана рәсім емес, ол проблемалық мәселелерді анықтап, оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін маңызды кері байланыс құралы. Біздің жұмысымыздың сапасы мемлекеттік органдарға деген қоғам сеніміне тікелей әсер етеді, – деп атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар өтініштерді қарау үдерістерін жетілдіру, озық тәжірибелерді енгізу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жұмыстарын жалғастыруға келісті.
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметтің ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...