Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздіғі барынша төмен мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті. Жарысқа 20-дан астам сотталғандар қатысты. Іс-шара тәрбиелік ықпал ету, сотталғандардың зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ пайдалы және мазмұнды демалыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс тәрбие бөлімі мен мекеменің психологиялық және әлеуметтік жұмыс тобының қолдауымен өтті. Сотталғандар жоғары белсенділік көрсетіп, логикалық ойлау қабілетін, төзімділігін және стратегиялық шешім қабылдай білуін көрсетті.
— Мұндай іс-шаралар қайта әлеуметтендіру процесінде маңызды мәнге ие. Сотталғандар арасында зияткерлік ойындарды дамыту олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, ой-өрісін кеңейтуге және оң мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл оларды қайта әлеуметтендіру үдерісіне оң әсерін тигізеді, — деп атап өтті психологиялық және әлеуметтік жұмыс тобының бастығы Жарас Асылбеков.
Турнирге «Абай дарыны» дамыту орталығының шахматтан жаттықтырушысы Нұрдәулет Нұрлыбеков төрешілік етті.
— Шахмат күнделікті ойдан алшақтап, шыдамдылық пен қадамдарын есептей білуге көмектеседі. Мұндай турнирлер бізді пайдалы іспен айналысуға және өзімізбен жұмыс істеуге ынталандырады, — деп бөлісті сотталған.
Турнир барысында қатысушылар арасында салауатты жарыс ахуалы қалыптасып, тәртіп пен өзара құрмет нығайды. Шахмат ойыны өзін-өзі бақылау мен психологиялық тұрақтылықты дамытуға ықпал етеді.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталды, жеңімпаздар мен жүлдегерлер мекеме әкімшілігімен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай тәрбиелік және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...