Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде жыл қорытындысы психологиялық тренинг аясында шығарылды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жеке құрамға арналған психологиялық тренинг ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өтіп бара жатқан жылдағы қызметтік қызметтің қорытындысын шығару және қызметкерлердің моральдық-психологиялық жағдайын нығайту болды.

Аталған іс-шара ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жетілдіруге, қызметтік мотивация деңгейін арттыруға, сондай-ақ командалық өзара іс-қимыл және стрессқа төзімділік дағдыларын дамытуға бағытталды.

Тренинг барысында қызметкерлер есептік кезеңдегі қызметтік қызмет нәтижелерін талдап, өзара пікір және тәжірибе алмасты. Алдағы жылға кәсіби және жеке мақсаттарды айқындауға бағытталған практикалық тапсырмаға ерекше назар аударылып, бұл қатысушылардың жағымды көңіл күй қалыптастыруына және қызметтік міндеттерді орындауда жеке үлесінің маңыздылығын түсінуіне ықпал етті.

Сонымен қатар, эмоционалдық шиеленісті төмендетуге және кәсіби күйіп кетудің алдын алуға бағытталған психологиялық жаттығулар, сондай-ақ қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға арналған командалық тапсырмалар өткізілді.

– Мұндай іс-шаралар қызметтік қызметтің қорытындыларын объективті бағалауға, психоэмоционалдық жүктемені төмендетуге және алдағы кезеңге басым міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді. Бұл жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына және қызметтік міндеттерді орындау сапасына оң әсерін тигізеді, – деп атап өтті Абай облысы бойынша ҚАЖ жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімінің аға инспектор-психологы Улдана Мұқатаева.

Іс-шара қорытындысы бойынша жеке құрам өткізілген тренингтің практикалық маңыздылығын атап өтті. Осындай психологиялық іс-шараларды өткізу қызметкерлердің моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуға және қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.

Инвестиции в проекты

Трансформация промышленности Казахстана связана с мощным инвестиционным потоком и...

Опережая добывающий сектор

Развитие обрабатывающей промышленности в Казахстане в текущей экономической повестке...

АКАДЕМИЯ БАСТЫҒЫ КУРСАНТТАРМЕН БІРГЕ БАРЫП, КӨП БАЛАЛАЛЫ АНАҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТТІ

Биылғы жаңа жыл қарсаңында ІІМ Алматы академиясының бастығы Қалижан...

Штормовые дни для сторон конфликта

«Военная операция против Ирана окончится через несколько недель» –...

Құжат айналымын ыңғайлы форматта ұйымдастыру

Қазіргі заманда құжат айналымын тиімді ұйымдастыру кез келген ұйымның,...