Абай облысында сотталғандарды эстетикалық тәрбиелеуге, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, оң өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға және табысты әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған «Үміт – 2026» картиналар мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының байқау-көрмесі өтті.
Байқауға Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары, орташа және төмен мекемдерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар, сондай-ақ әйелдер колониясының сотталғандары қатысты.
Көрмеде сотталғандардың өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Экспонаттардың қатарында картиналар, әшекей бұйымдар мен әйелдерге арналған керек-жарақтарға арналған қобдишалар, кәдесыйлар және сәндік-қолданбалы өнердің басқа да бұйымдары болды.
Байқау-көрме сотталғандарға өздерінің шығармашылық қабілеттерін, шеберлігін және өнер туындыларын жасауға деген өзіндік көзқарасын көрсетуге мүмкіндік берді. Ұсынылған жұмыстар өзіндік ерекшелігімен, орындалу сапасымен және көркемдік шешімдерінің алуан түрлілігімен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші жүлделі орындардың барлығын Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары мекемесінің сотталғандары орындаған жұмыстар иеленді.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің грамоталарымен марапатталды.
— Шығармашылық адамға өз қабілетін ашуға, бастамашылдығын танытуға және өз еңбегінің нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Сотталғандар үшін мұндай байқауларға қатысу – өз шеберлігін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар оң мотивацияны қалыптастыруға, жауапкершілікті дамытуға және өзгерістерге ұмтылуға жасалған маңызды қадам. Байқаудағы жеңіс жазасын өтеу жағдайында да адамның дамуға, әдемі әрі пайдалы дүниелер жасауға және өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға қабілетті екенін көрсетеді», – деді сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Еромек Рахимов.


