Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандарға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша бейнесабақ өткізілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған бейнесабақ өткізілді.

Іс-шара сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға және конституциялық құндылықтарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында құқықтық ағарту жұмыстары аясында ұйымдастырылды.

Сабақ барысында мекеме қызметкерлері жаңартылған Ата Заңның негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіріп, мемлекеттілікті нығайтуға, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен әділдік қағидаттарын дамытуға бағытталған конституциялық жаңашылдықтарға ерекше тоқталды.

Сонымен қатар отбасы институтына қатысты мәселелерге айрықша назар аударылды. Сотталғандарға Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабына сәйкес неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы болып табылатыны, сондай-ақ мемлекеттің отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды қамтамасыз ететіні, ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге қатысты құқықтары мен міндеттері, ал кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауға міндетті екені түсіндірілді.

Бейнесабақ аяқталғаннан кейін қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, конституциялық нормалардың іс жүзіндегі маңызын талқылады. Сотталғандар мұндай сабақтардың өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуге, сондай-ақ қоғам мен мемлекет алдындағы жеке жауапкершілігін сезінуге ықпал ететінін атап өтті.

– Осындай сабақтар өмірге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Конституция әр адамның өз іс-әрекеті үшін жауапты екенін еске салады, ал отбасы – ең басты өмірлік құндылық. Бостандыққа шыққаннан кейін заңды сақтап өмір сүріп, жақындарымның жанында болып, бұрынғы қателіктерімді қайталамауға ниеттімін, – деді сотталғандардың бірі.

– Біздің міндетіміз – жазаның орындалуын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар сотталғандардың заңға және қоғамға деген құрметін қалыптастыру. Конституцияны білу құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтық жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал етеді және бостандыққа шыққаннан кейінгі табысты әлеуметтенудің маңызды қадамы болып табылады. Осындай іс-шаралар заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және сотталғандардың босап шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне бағытталған кешенді тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып саналады, – деді сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...