Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында қар мүсіндері байқауы өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында қардан мүсін жасау бойынша конкурс ұйымдастырылды. Шығармашылық іс-шараға елуге жуық сотталған қатысып, өздерінің белсенділігін, қиялын және командалық рухын көрсетті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қысқы кезеңде олардың пайдалы еңбекпен және бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру, оң ойлау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ мекемеде қолайлы психологиялық ахуал құру болды.

Байқауға қатысу үшін мекеме әкімшілігі тарапынан қажетті құрал-жабдықтар — күректер, шелектер және басқа да қолжетімді құралдар ұсынылды. Бұл қатысушыларға өз идеяларын жүзеге асырып, қардан түрлі мүсіндер жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде мекеме аумағында арыстан, жылқы, қар адам, символдық жануарлар мен ертегі кейіпкерлері бейнеленген ерекше қар мүсіндері пайда болды.

— Мұндай іс-шаралар күнделікті тұрмыстан бір сәтке алыстап, өзіңді көрсетуге және қолдауды сезінуге мүмкіндік береді. Өз қолыңмен бір дүние жасау өте жағымды, — деп бөлісті сотталғандардың бірі.

— Мәдени-бұқаралық және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне, жауапкершілік сезімін қалыптастыруына және түзелуге деген ұмтылысын арттыруға ықпал етеді. Мұндай бастамалар мекемедегі жалпы ахуалға оң әсерін тигізеді, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Жасұлан Аринов.

Байқау қорытындысы бойынша үздік қар мүсіндерін жасаған қатысушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл өз кезегінде сотталғандардың алдағы уақытта осындай іс-шараларға белсенді қатысуына қосымша ынталандыру болды.

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...