Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің барынша қауіпсіз мекемесінде сотталғандардың Абай облысы Заң консультанттары палатасының өкілімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында сотталғандарға өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заң көмегіне жүгіну тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында білікті заң көмегін алу, өтініштер мен арыздарды жасау тәртібі, сондай-ақ заңнамада көзделген рәсімдер шеңберінде қорғаушы мен өкілдің қатысуына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар Палата өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жеке тәртіппен қажетті түсініктемелер алды.
- Мұндай кездесулер біз үшін өте маңызды. Өз құқықтарымыз бен заңды мүдделерімізге қатысты сұрақтарды маманға тікелей қою мүмкіндігі заң талаптарын жақсырақ түсінуге және әртүрлі жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білуге көмектеседі. Кездесу барысында алған ақпарат мен үшін пайдалы болды және туындаған құқықтық мәселелерді неғұрлым сауатты шешуге мүмкіндік береді», — деді кездесуге қатысқан сотталғандардың бірі.
- Құқықтық сауаттылықты арттыру — сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Мұндай кездесулер олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Сонымен қатар қажетті ақпаратты тікелей мамандардан алуға мүмкіндік береді. Біз алдағы уақытта да заң қоғамдастығының өкілдерімен бірлесіп осындай іс-шараларды өткізуді жалғастыруға мүдделіміз. Мұндай кездесулер сотталғандардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кәсіби заң қоғамдастығы өкілдерімен өзара ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған», — деп атап өтті сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.


