Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі орташа мемемеде сотталғандарға отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өмірдің қадірін түсінуге және қиын жағдайларда дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын ұғынуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Іс-шара аясында сотталғандарға «Ана туралы аңыз» көркем фильмі көрсетілді. Ана махаббаты, жанқиярлық және адами төзімділік тақырыптарын қозғайтын бұл туынды сотталғандардың жүрегіне әсер етіп, өмірлік қателіктер, жақындарының алдындағы жауапкершілік және өз тағдырын өзгерту мүмкіндігі туралы терең әңгімеге себеп болды.
Фильмді көргеннен кейін мекеме психологтары топтық әңгіме өткізді. Әңгіме барысында сотталғандар өздерінің ішкі сезімдерімен, отбасы туралы естеліктерімен және болашаққа қатысты ойларымен бөлісті. Әр адамның өміріндегі Ананың рөліне, сондай-ақ түзелу мен қайта әлеуметтену процесіндегі отбасы қолдауының маңыздылығына ерекше назар аударылды.
-Фильмді көріп отырып мен балалық шағымды қайтадан бастан өткергендей болдым. Анам өте ерте жесір қалып, бес баланы жалғыз өсірді. Ол бірден бірнеше жұмыс істеді. Кейде біз анамызды бірнеше күн көрмейтінбіз, бірақ ол біздің қарынымыз тоқ, киіміміздің бүтін болып, ештеңеден мұқтаж болмауымыз үшін барын салды. Тек қазір осында жүріп, мен оның біз үшін қаншама ауыртпашылық пен қиындық көргенін шын түсіндім. Мен анамның үмітін ақтамай, оған сонша қайғы әкелетінімді түсіну мен үшін өте ауыр. Мен бас бостандығымнан айрылғаннан кейін, жақындарым менен теріс айналды. Әйелім балаларды алып кетіп қалды. Әлі күнге дейін мені қолдап, күтіп, маған сенетін жалғыз адам ол менің- Анам. Бүгін анамды бейне байланыс арқылы көргенде, эмоциямды ұстай алмай қалдым,- деді сотталган А.
— Мұндай іс-шаралардың сотталғандардың эмоциялық жағдайларын қалпына келтіруге және олардың өмірін қайта ой елегінен өткізуіне көмектеседі. Кинотерапия және одан кейін болған психологиялық бағыттағы әңгімелер сотталғандарға өз сезімдері мен уайымдары жайлы және өмірде жіберген қателіктері туралы ашық айтуға мүмкіндік береді. Адамның отбасымен байланысын үзбей жақындарының қолдауын сезіну өте маңызды. Осындай эмоциялық сәттер адамның құндылықтарын қайта бағалауына, өз өміріне жауапкершілікпен қарауына және түзелуге ұмтылуына бастау болады. Сотталғандарға психологиялық қолдау көрсету және отбасылық байланыстарын нығайту жұмысы алдағы уақытта да жалғасады,-деп атап өтті мекеменің аға инспектор психологы Куралай Иксанов.



