Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны мекеме қызметкерлері сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімімен бірлесіп өткізді.

Мерекелік бағдарлама сотталғандардың белсенді қатысуымен дайындалды. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, соғыс жылдарындағы өлеңдер оқылып, Отан үшін жанын қиған батырлар мен ардагерлердің ерлігіне арналған тақырыптық қойылымдар ұсынылды. Қатысушылар ел тарихына құрмет білдіріп, ерлікке толы тарихи кезеңдердің маңыздылығын атап өтті.

Мерекелік кештің ерекше әсерлі өтуіне сотталғандар дайындаған шығармашылық нөмірлер ықпал етті. Олардың көпшілігі мұндай шаралардың адамға өмірлік құндылықтарды қайта саралауға, жауапкершілік пен ел тарихына деген құрметті нығайтуға көмектесетінін айтты.
— Біз үшін мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Олар ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпауға, үлкен буынға құрмет көрсетуге және өз болашағымыз туралы ойлануға мүмкіндік береді. Біз өнер көрсетулерімізді шын жүректен әрі ықыласпен дайындауға тырыстық, — деді сотталғандардың бірі.

— Осындай іс-шараларды өткізу тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Патриоттық тәрбие — сотталғандармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі. Мәдени және тағылымдық шараларға қатысу арқылы ел тарихына құрмет, рухани құндылықтар, азаматтық жауапкершілік пен оң өзгерістерге ұмтылыс қалыптасады. Мұндай кездесулер мекемедегі моральдық-психологиялық ахуалды нығайтып, сотталғандардың түзелу жолына түсуіне ықпал етеді, — деп атап өтті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.

Іс-шара соңында қатысушылар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, ардагерлерге көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін алғыстарын білдірді.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...